Алматы облысында 8 жастағы қызды ит талап тастады

Алматы облысында 8 жастағы қызды ит талап тастады

Алматы облысында 8 жастағы қызды ит талап тастады. Ротвейлер тұқымдас иттің шабуылын байқап қалған көршілер қыз баланы әрең дегенде аман алып қалыпты.

Итке таланған қыз қазір ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр. Сәл кешіккенде «қалай болар еді» деген көршілер қабаған иттің әлі тірі жүргеніне алаңдайды. Ал жаралы қыздың анасы иттің қожайыны жауапкершіліктен қашып жүр дейді.

ЖАРАС НИЯЗБЕК, тілші:

– Бес бірдей куәгер сегіз жастағы қыздың итке қалай таланғанын және оны иттен қалай ажыратып алғанын суреттеп қағазға түсіріп берген. Олардың айтуынша, аулада тұрған анау ит қыз баланы талаған. Ал ауруханада жатқан қыздың анасы осы иттің қожайындары барлық жауапкершіліктен қашып жатыр дейді.

Су тасуға шыққан қызды қабаған ит аяусыз талаған жердегі қан іздері қар бетінде әлі де сайрап жатыр. Үнемі байлауда тұратын азулы ротвейлер сол күні босанып кеткен. Ит алдынан кездескенде қыздың қашуға еш мүмкіндігі болмапты. Көршілер жанұшыра жеткенше ашулы ит әбден талап тастаған. Шыңғырған қызды бірнеше адам жабылып жүріп иттің арандай аузынан әрең ажыратып алған.

БЕЙБІТГҮЛ, куәгер:

– Анау қызды қарасам, мен уже ес таппай қалдым, қыздың аяғы қан, жұлып алыпты. Көрген бетте көршілермен жоғары қарай алып бардық.

НҰРЛАН, куәгер:

– Біз шанаға салып алдық Нұркен деген көршім екеуміз. Көтеріп шанаға салып, үйге жеткіздік. Скорой шақырдық. Скорой келді.

Енді көршілер қабаған иттің әлі де аулада тұрғанына алаңдайды. Ит иесі үйінде жоқ. Жаралы қыздың анасы күнде барып емге ақша сұрайды. Бірақ ротвейлер қожайыны жауаптан жалтарғысы келеді дейді ол. Бес баланы жалғыз асырап жүрген Фатима полиция қызметкерлеріне де өкпелі.

ФАТИМА НАМАНОВА, қыздың анасы:

– Заяление жаздым. Заявлениені сразу алып, тапсырды. Ертесі күні мен милицияларды күттім. Жолыққан жоқ, екі күн бойы жолыққан жоқ. Итті де іздеген жоқ, мен өзім тауып бердім итті. Іздеген жоқ вообще.

Алматы облыстық полиция департаменті ит иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырдық дейді. Алдағы уақытта қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал ауруханада жатқан сегіз жастағы қыздың жағдайы әзірге орташа.

АСҚАР ҚАЛИЕВ, Алматы аймақтық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

– Алғашқы көмек көрсетілді. Хирургиялық өңдеу жасалды тістелген жараларға. Түскен кездегі қойылған диагноз баланың балтыр аймағындағы көптеген тістелген жаралар. Бала қазір травматология бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер итке таланған қыз ауруханада әлі бір аптадан аса уақыт болады дейді. Ал қыздың анасы ит қожайынынан материалдық шығын талап етуде.

Бұл осымен екінші жағдай. Осыдан 12 күн бұрын Талдықорғанда 7 жастағы бала итке таланып, қайтыс болып еді. Қайғылы оқиғадан сабақ алмадық. Өкінішті. Бірақ қалайда кінәлі жазалануы керек. Ит ұстап отырғандар, бір сәт ойланыңыздаршы! Балалардың жазығы не?

31.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста