Мәселе

Алматы облысында ер адам жалғызбасты әйелді зорлап кейін өлтірді деп күдіктелуде

  • Алматы облысында ер адам жалғызбасты әйелді зорлап кейін өлтірді деп күдіктелуде

    Алматы облысында ер адам жалғызбасты әйелді зорлап кейін өлтірді деп күдіктелуде

Оңтүстік астана тұрғыны Алматы облысында жалғызбасты ананы зорлап, кейін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы өңірдің ІІД сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


 

 


Көрнекі фото: playquest.com.ua

Көрнекі фото: playquest.com.ua



Оқиға Көксу ауданындағы Теректі ауылында болған. 17 желтоқсан күні жеке үйлердің бірінен денесінде зорлық белгілері бар 36 жастағы әйелдің мәйіті табылған.


Көксу аудандық полиция қызметкерлері бір сағаттың ішінде қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтаған. Ол сол ауылдан ұсталған.


Алдын-ала мәлімет бойынша, жалғызбасты ананы алдымен соққыға жығып, кейін тұншықтырып өлтірген. Сондай-ақ жәбірленушінің денесіндегі іздер оның сексуалдық зорлыққа ұшырған болуы мүмкін екенін аңғартқан.


"Кісі өліміне қатысты 34 жастағы алматылық ер адам күдіктелуде. Ол қазір қамауға алынды. Біздің базадағы мәліметтерге сүйенсек күдікті тонаушылық пен қарашылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ұсталған азамат қылмыс жасаған уақытта мас күйде болғанын айтуда", - деп хабарлады полициядан.


Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары басталды.


Белгілі болғандай қаза болған әйел алты жастағы қызды өзі тәрбиелеп отырған. Ал жеке үйге жақында ғана көшіп келгенімен көршілерімен танысып үлгермеген.




Көрілген: 217    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 19.12.2017, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31