Мәселе

Алматы облысында қарт ана тоғыз жылдан бері әділдік таппай жүр

  • ktk.kz

    ktk.kz

Майгүл Мұсанованың ұлы - Мәлік осыдан 9 жыл бұрын Атырауда құрылыс басында қаза тапқан. Марқұммен бірге сол кезде сегіз құрылысшы қираған көпірдің астында қалып қойған еді. Ал апатқа кінәлі деп танылған көпір салушы компаниясы жұмысшының анасына өтемақы ретінде 1 миллион теңге төлеуі тиіс болған. Алайда, сот шешімінің алты жыл бұрын шыққанына қарамастан, ол әлі күнге дейін орындалмапты.


Осыдан тоғыз жыл бұрын Атырауда салынып жатқан көпір құлап, соның салдарынан сегіз құрылысшы қаза тапқан еді. Солардың арасында Мәлік Мұсанов та болды.


Ал оның анасының айтуынша, ұлын көпір салдыруға батысқа алып барған компания өтемақысын сол күйі төлемей қойыпты.


Майгүл Мұсанова:


-Ылғи барып жүрдім. Барамын, бос қайтамын. Ешқандайда маған ешкім ештеңе жауап бермейді. Кейінгі барғанымда күзет жібермейді мені. Ішіне ит жіберіп қойған.


Ұлы құлаған көпірдің астында жаншылып өлген Майгүл Мұсановаға «Трансстроймост» компаниясы 1 миллион теңге өтемақы төлесін деген шешімді алты жыл бұрын дәл осы Қапшағай қалалық соты шығарған. Бірақ ол шешім сол күйі орындалмаған. Әділдік іздеген ана дәл осы соттың іргесінде орналасқан Қапшағай қалалық прокуратурасына дейін барған. Бірақ мұндағылар «құқығыңызды сотта қорғаңыз» деп жетпіске жеткен ананы табалдырықтан шығарып салған екен.


Компания, тіпті, құрылысшыны жерлеуге де көк тиын бермепті. Сондықтан ол кезде отбасы несие алуға мәжбүр болған. Баланың қазасын көтере алмаған отағасының аяқасты қазасы қарт ананың қайғысын еселеткен. Жалпы, «Трансстроймост» өтемақы бермей қойған жалғыз Мұсановтар ғана емес екен. Көпір астында қаза болған тағы бір құрылысшы Сұлтан Бәкиевтің жесірі де әлі күнге дейін ақшасын даулай алмай жүрген көрінеді.


Валентина Ким:


-Компания уәдені үйіп-төгіп берді. Десе де, сол айтқанын толық орындамады. Маған 1 миллион 900 мың теңге өтеуі тиіс болған. Бірақ миллион теңгесін ғана төледі. Оның өзін соттасып жүріп, әрең дегенде алдым.


Ал «Трансстроймосттың» өзі баяғыда тақырға отырған. Жақында басыбайлы жойылады екен. Сондықтан да Алматы облыстық мамандандырылған экономикалық соты кейуананың қайта түсірген өтінішін мақұлдамай қойған. Әрі арада алты жыл өтіп кетуіне байланысты істі түбегейлі жауыпты.


Алты жыл бойы орындалмай келген сот шешіміне сеніп келген ана, енді қайтерін білмей дал. Өйткені, кейуана заңды өтемақысына қазір көруден қалған көзіне ота жасатуға үміттенген-ді.


ktk.kz


 




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30