Мәселе

Алматы полицейлері ұрланған 2 мың көлік айнасын иелеріне қайтарыпты

  • © 24.kz

    © 24.kz

Алматыда құқық қорғаушылар соңғы төрт айда қолды болған екі мыңнан аса көлік айнасын иесіне қайтарған. Олардың айтуынша қалада 30 қылмыстық топ ұсталып, 300 күдіктінің ісі сотқа жіберіліпті. Шығатын қорытынды қайсы?


Аршын Кемелжан, тілші:


- Жиырма бірінші ғасырдағы табысты кәсіптің бірі көліктің қосалқы бөлшектер саудасы. Мысалы, көтерме және бөлшек сауда базарында күніне мыңдаған автокөлік бөлшектері сатылып, оларға техникалық қызмет те көрсетіледі. Сонымен қатар ұрланған автокөлік бөлшектері де осындай қара базарларда саудаға шығарылады.


Көлеңкелі кәсіпке құныққандардың іс-әрекетін бағамдау үшін базарды аралап көрдік. Ескі бөлшектер самсап тұр. Айтуларынша, барлығы шетелден келген. Біз ұсынған көліктің айнасы мен шамдарын бірі сатып аламыз десе, екіншісі ат тонын ала қашты.


- Алып келсем болады ғой?


– Болады.


- Фардың төртеуін қаншаға сатсам болады?


–Төртеуі 30 мың болады.


- А вы покупатете зеркала?


– Сейчас я ничего не беру. Денег нет, в продаже ничего нет.


Алматыда ұрланған көлік бөлшектерін іздестіруге қатысты рейд жиі өтіп тұрады. Нәтижесінде соңғы төрт айда екі мыңнан аса ұрланған көлік айнасы және 44 аккмулятор заңды иесіне қайтарылған. 30 қылмыстық топ құрықталып, 300 адамның ісі сотқа жіберіліпті.


Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:


- Осы ұрланған әйнектер және аккмуляторларды сатып алған азаматтар да айқындалды. 14 ұрланған затты сататын азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың барлығы сотталған болатын.


Десек те көліктердің қосалқы бөлшектерін ұрлау тиылмай тұр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ұрылар көбінесе сұраныс бойынша жұмыс істейді екен. Көбінесе қымбат көліктердің айнасы қолды болады.


24.kz


 




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31