Мәселе

Алматы полициясы 2017 жылы 150-ден астам жезөкшелер ордасын жапқан

  • Алматы полициясы 2017 жылы 150-ден астам жезөкшелер ордасын жапқан

    Алматы полициясы 2017 жылы 150-ден астам жезөкшелер ордасын жапқан

 2017 жылы Алматы қаласында полиция қызметкерлері 150-ден астам жезөкшелер ордасын жапқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Kazpravda.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып.


«Өткен жылы Алматы полициясы 150-ден астам жезөкшелер ордасын жапты. Алматыдағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма қызметкерлері 2017 жылы адам сатуға байланысты бір қылмыстық істің және де адам ұрлауға қатысты 8 қылмыстық істің бетін ашты», - дейді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Сонымен қатар, жедел және арнайы шаралар нәтижесінде жеңгетайлық іске қатысты 37 факті, жезөкшелікпен айналысуға итермелеген 19 факті тіркелген, оның екеуінде қылмыскерлердің құрбаны болған қыздар кәмелет жасына толмаған болып шықты.


Еске сала кетсек, өткен жылдың қараша айында Алматыдағы полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 17 жастағы қызды жезөкшелер ордасынан тауып алған болатын. Белгілі болғандай, 17 жастағы қызды алдап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. ҚР ҚК 134 бабына сәйкес екі жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді.


Qamshy.kz




Көрілген: 639    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 23:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31