Мәселе

Алматы полициясы пәтер тонаушылардан қалай қорғануды айтты

  • © ru.sputnik.az

    © ru.sputnik.az

Алматы полициясы пәтер тонаушылардан қорғану жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалада пәтерге түсетін қылмыскерлер өте көп. Көп жағдайда оған азаматтардың өздері мұрындық болады.


«Қылмыскерлер әлеуметтік желіден көп ақпарат алады. Facebook немесе Instagram желісіне 10 күнге курортқа кеткеніңізді жазсаңыз, пәтер бос екені бәріне белгілі болып қалады. Үй иесінің суреттері мен ақпараттарын ақтарып отырып қылмыскерлер оның мекенжайын оп-оңай анықтап алады»,- деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Оның айтуынша, көбіне ұрылар жаз мезгілін ұтымды пайдаланады.


«Қаланың шекарасы ашық. Көбіне қылмыс жасайтын адамдар шеттен келеді. Алматы облысынан келгендер жерлестерінің үйінде бір топқа бірігіп алады. Ал Шығыс Қазақстаннан келген қылмыстық топ біразға дейін осал тұсын бермеді. Олар біраз күнге келіп, бірнеше пәтерді тазалап, Шығыс Қазақстанға кетіп қалатын. Біраз уақыт өтіп, тыныштанған соң қайта келіп оңай олжаға кірісетін», - деді Салтанат Әзірбек.


Қалалық полиция ұрылардан қорғану мақсатында бірнеше тәсіл ұсынды.


«Ең алдымен аулада бейнекамера болуы тиіс. Жекеменшік күзет компаниясымен байланыста болу керек. Сонымен қатар, бейтаныс адамдарға өзінің жоспары туралы айта бермеуі тиіс», - деді ол.­­


 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31