Мәселе

Алматы прокуратурасы танымал адвокаттың аты-жөнін "мазақ" етіп, ресми хат жолдады

  • Айман Омарова. Адвокат. Фото:

    Айман Омарова. Адвокат. Фото: "Время" газеті

Алматыда танымал адвокат пен прокуратураның арасында қызықты жайт орын алды. Адвокат арызына берілген қадағалау органының ресми жауабынан өзінің аты-жөнін таппай дал болған. Прокуратурадан ол қисынға келмейтін жауап алған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Бостандық ауданының прокуратурасы менің жазған арызыма ресми жауап жолдапты. Ол жауапта менің аты-жөнімді Пупкина Залупкина деп жазып қойыпты", - деп жазды адвокат Facebook парақшасына.


Алматы қаласындағы Бостандық ауданының прокуратурасынан келген айрықша хатты адвокат электронды үкімет порталы арқылы алған. Ол бастапқыда мұны қалжың деп ойлаған. Алайда құжатқа ресми мөр қойылыпты.




Скриншот видеодан алынды


Хатты көрген заңгер таңғалысын жасырмаған. Айтуынша, оның жазған хаты тіпті де күлетін мәселе емес. Ол 6 жастағы сәбидің өліміне қатысты жазылған хат болатын, дейді ол. Қыздың анасы екі жыл бойы әділдікке жете алмай, шарқ ұрып жүр.


Енді Айман Омарова мұндай істі мазаққа айналдырып, құжатқа қол қойған прокурордың атына шағым түсірмек.


Прокуратура аталған жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ. 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.07.2018, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31