Мәселе

Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді

  • © Yvision.kz

    © Yvision.kz

Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді. Тиісті қаулы "Әділет" АҚЖ сайтында жарияланған. 28 желтоқсан күні қабылданған құжат әділет органдарында келесі күні тіркелген деп хабарлайды NUR.KZ.


Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және ономастикалық комиссиялардың қорытындысы негізінде әкімдік мәслихатпен бірлесіп бірқатар шағын аудандардың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады.


Нәтижесінде Алатау ауданы бойынша:


1."Алғабас-1" шағынауданы- "Нұркент" шағынауданы;

2."Алғабас-2" шағынауданы- "Ботакөз" шағынауданы;

3."Алғабас-3" шағынауданы- "Ақмаржан" шағынауданы;

4."Алғабас-4" шағынауданы- "Ғажайып" шағынауданы;

5."Алғабас-5" шағынауданы- "Дарабоз" шағынауданы;

6."Алғабас-6" шағынауданы- "Зерделі" шағынауданы;

7."Заря востока" шағынауданы- "Шапағат" шағынауданы;

8."Құрылысшы" шағынауданы-"Самғау" шағынауданы;

9."Трудовик" шағынауданы-"Томирис" шағынауданы болып өзгертілді.


Әуезов ауданы бойынша:


1. "Дубок" шағынауданы-"Шабыт" шағынауданы;


2. "Дубок-2" шағынауданы- "Атамекен" шағынауданы;


3. "Школьный" шағынауданы- "Жазира" шағынауданы;


4. "Школьный-2" шағынауданы- "Алмас" шағынауданы;


5. "Тепличный" шағынауданы-"Қуаныш" шағынауданы деп ауыстырылды.


Бостандық ауданы бойынша:


1. "Алатау" шағынауданы-"Нұр Алатау" шағынауданы,


2. "Алмаарасан" шағын ауданы-"Архат" шағынауданы болып өзгертілсе,


Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:


"Жайлау" шағынауданы-"Ғаламат" шағынауданы деп аталатын болды.


Ал Бостандық, Медеу аудандары бойынша:


"Ремизовка" шағынауданы- "Асқартау" шағынауданы деп ауыстырылды.


Жетісу ауданы бойынша:


1. "Дорожник" шағынауданы- "Көкмайса" шағынауданы;


2. "Первомайский" шағынауданы- "Кемел" шағынауданы деп өзгертілді.


Медеу ауданы бойынша:


1. "Родник" бағбандық қоғамының шығысында және "Қорғаушы-Защитник" бағбандық қоғамының оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Шарапат" шағын ауданы";


2. "Горный садовод" бау-бақша қоғамының солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Алтын" шағын ауданы";


3. "Бутаковка" шағынауданы-"Мұзтау" шағынауданы болып ауыстырылса,


Наурызбай ауданы бойынша:


1. "Алатау" шағынауданы - "Байтақ" шағынауданы;


2. "Каменка-3" шағынауданы- "Мейрам" шағынауданы;


3. "Қарағайлы-2" шағынауданы- "Дария" шағынауданы деп өзгертілді.


Ал Түркісіб ауданы бойынша:


1. "Колхозшы" шағынауданы-"Нұршашқан" шағынауданы деп аталатын болды. 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31