Мәселе

Алматыда әскери ұшақты дөңгелексіз қондыра алған ұшқыш үш жылға сотталды

  • Алматыда әскери ұшақты дөңгелексіз қондыра алған ұшқыш үш жылға сотталды

    Алматыда әскери ұшақты дөңгелексіз қондыра алған ұшқыш үш жылға сотталды

Алматыда әскери ұшақты дөңгелексіз қондыра алған пилотты сот керісінше кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды КТК.


Оқыс оқиға әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Кенеттен шассиі шықпай қалған Су-27 қара жерді сүзіп қонған. Ақауға қарамастан техниканы аман-есен қондырған 31 жастағы пилотты әріптестері мақтап, арқасынан қаққан болатын. Алайда әскери сот күтпеген шешім шығарды. Ұшқыш Радик Әшімов шассисіз қонғаны үшін кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын колонияда өтемек.


Алайда ұшқыштың туыстары мұнымен келіскісі жоқ. Айтуларынша, оқу-жаттығу әскери техниканы тексеру мақсатында өткен. Сондықтан істемей қалған шасси үшін пилоттың жауапқа тартылуы күлкілі жағдай. Керісінше, жолын тауып, сәтті қонған. Сол себепті де, ұшқышты түрмеде қылмыскерлердің қасында ұстау нағыз сорақылық деп, бостандыққа жіберуді сұрып отыр. Ал апатты жағдайдың өзі 2016 жылдың қарашасында болған. Шассиі шықпай қалған Су-27 жойғыш ұшағы аэродромға аман-есен қонып, әскери бір ажалдан қалған.


"Сот басталмай жатып, бәрі менің күйеуіме қырын қарады. Кінәсіздігін дәлелдеп тұрса да құлағына ілген жоқ. Техникалық ақау бола, ұшуға рұқсат берген басшылар неге жауапқа тартылмайды онда? Неге жалғыз менің күйеуім жауап беру керек. Ол керісінше апаттың алдын алды емес пе?!" - дейді Айнұр Тәңірбергенова. 




Көрілген: 1514    Пікірлер: 2

бейсенбі, 22.02.2018, 17:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31