Мәселе

Алматыда атышулы барахолканың саудагерлері бас көтерді

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

"Рахат" базарында жұмыс істейтін олар базар басшылығының еш ескертусіз орындарынан қуып жатқанына наразылық білдіруде. Жаңа қожайындар ескі базарды сүріп орнына басқасын салмақшы екен. Ал саудагерлер енді тауарын құшақтап қайда барарларын білмей жүр.


Рахат Базарының саудагерлерінен маза кеткелі жарты жылдан асқан. Қыстың ортасында базар үшке бөлініп қожайындары ауысады. Содан бері осы жерде нәпақасын тауып отырғандар жаңа қожайын бізді қашан қуып шығады екен деген үреймен жүрді. Қорқулары бекер емес екен. Күні кеше базар әкімшілігінің қызметкерлері орындарыңды босатыңдар деп сес көрсетіпті. Жарықты да сөндіріп тастаған. Енді жұма күні мына шатырды да бұзып тастамақ.


"Кетіңдер" деген бұйрық саудагерлерді есеңгіретіп тастапты. Себебі мұнда Рахаттың ашалуынан бастап жұмыс істеп жүргендер бар. Олар шатырды да, жолдағы ой шұңқырды да өзіміз ақша жинап жасаттық дейді. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ.


Роза Орынбасарова, саудагер:


-Осы жерден нан жеп отырған адаммын ғой. Контейнерлеріңді алып кетіңдер дейді. Базарды бұзып тастап жатыр.


Үшке бөлінген Рахат базараның сүрілгелі жатқан жерінде жүзге жуық орын бар екен. Соның басым бөлігі тауарларын буып- түйіп, жабылып жатыр. Ал басқа барар жері жоқтар базар әкімшілігінен уақыт сұрауда.


Раушангүл Исмайылжанова, саудагер:


-Еш ескертусіз қуып жатыр. Біздің бұл жерде тұрақты сауда жасайтын адамдарымыз бар. Алатаудан қуып жібергелі осы жердеміз. Төрт жыл болды. Басшылықтың уәдесі бойынша жаңа сауда үйі салынғанша біз осы жерде тұруымыз керек еді. Сол үшін бір жылға салықты да төлеп тастадық қой.


Алайда базар басшылығы ешкімге уәде берген жоқпыз деп отыр. Ескерту қағазы да жіберілмепті. Саудагерлерге бір тиын өтемақы да төленбейді екен. Есесіне құрылыс қызу жүріп жатыр. Енді оның жолындағының бәрі қиратылады.


Сәкен Өмірзақов, "Рахат" базарының атқарушы директоры:


-Базардың мынандай жағдайы біздің көңілімізден шықпайды. Он тоғызыншы ғазырдағыдай контейнерлер тұр. Кафесі анау, иісі бар. Бұл жерге жаңа, заманауи сауда үйі салынады. Төменгі бөлігін бастап қойдық. Адамдарға соны айтсақ түсінбейді. Басқа жерден орын алып саудасын жасасын. Біз салып біткенде қайтып келеді.


Бұндай талап саудагерлерді қанағаттандырып отырған жоқ. Олар басқа базардан жақсы орын табу мүмкін емес дейді. Бағасы да қымбат. Сондықтан прокуратураға шағымданып соңына дейін соттасамыз деп отыр.


ktk.kz


 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.07.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30