Мәселе

Алматыда балабақшаға электронды кезекке қалай тұруға болады?

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Алматы қаласының білім басқармасы балабақшаға балаларды қалай кезекке тұрғызуға болатынын айтты.


Басқарма атап өткендей, 15 мамырдан бастап 2018/2019 оқу жылына балабақшаларға балаларды қабылдау басталады.


"Кезекті басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйесіне өтуімізге байланысты, балаларды балабақшаға Қаланың даму орталығы сайты арқылы қабылдайтын боламыз", — делінген хабарламада.


Электронды кезекке тұру үшін, ата-ана ХҚКО-нан электронды-цифрлық қолтаңба алып, аталған сайтқа сол қолтаңба арқылы жеке кабинетке кіруі тиіс. Сол жерде хабарласу үшін жеке ақпарат қалдырып немесе бар мәліметті түзетуі керек.


Баланың туған күні қараша немесе желтоқсан айында болса, кезегі автоматты түрде келесі жылға ауысады. Бұдан бөлек, бос орындар бар мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар жүйеде көрсетіледі.


Жолдама алу мерзімі — үш жұмыс күні. Жолдама алған соң ата-ана таңдаған балабақшасына бес жұмыс күні ішінде баруы тиіс.


Sputnik


 


 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30