Мәселе

Алматыда белгісіз адам кеңселердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлады

  • Алматыда белгісіз адам кеңселердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлады

    Алматыда белгісіз адам кеңселердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлады


Алматы полициясы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан кеңселердің біріне бомба қойлығаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.



Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.


Құқық қорғау органдарына Алматыдағы кеңселердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы аноноимді хабарлама түскен.


Полиция және қалалық арнайы жасақ қызметкерлері анонимді хабарлама бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.


Сонымен қатар полиция жедел қызметі мен арнайы қызмет анонимді хабарлама түсірген азаматтың тұлғасын анықтау және іздестіру шараларын жүргізуде.


Аталған жағдайға байланысты полиция тұрғындардан сабырлық сақтап, үрейге берілмеуге және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.


Сонымен қатар Алматы ІІД терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратудың қылмыс болып табылатынын және қылымыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.


ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша заңға қайшы әрекет жасағны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.


Stan.kz



Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31