Мәселе

Алматыда екі мыңға жуық адам жалақыларын ала алмай жүр

  • Алматыда екі мыңға жуық адам жалақыларын ала алмай жүр

    Алматыда екі мыңға жуық адам жалақыларын ала алмай жүр

Алматыда мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру жұмыстары нәтижесінде кәсіпорындарда 460 заңбұзушылықты анықтаған, - деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы. 


Мекемелердің басым бөлігі қызметкерлеріне жалақыны уақытында бермей зар қақсатқан. Жыл басынан Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына 2 мыңға жуық азамат шағымданыпты. Соның 400-ге жуығы жалақысын әлі ала алмай жүргендер.


Жанна Исабаева өзі қызмет еткен мекеменің басшылығымен арадағы келіспеушілік жұмысқа кірген уақытынан басталғанын айтады. Еңбек шартында көрсетілген жалақы сол бірінші айдан бастап толық төленбепті. Барлығын жинақтап қайтарамын деген жұмыс берушінің қарызы нәтижесінде, бір миллион теңгеге жуықтаған.


«Мен қоғамдық тамақтану орнында басқарушы директор болып қызмет еттім. Бір еңбек шартында жалақы 285 мың теңге деп көрсетілсе, екіншісінде 370 мың теңге деп жазылған. Ал түптеп келгенде, мен ондай айлықты қолыма алған емеспін. Мен 15 мамырда жұмыстан шығып кеттім. Осы уақытқа дейін оның нақты есебін ала алмай жүрмін. Өтемақы да төленбеді. Менің талабымды жұмыс беруші елемей отыр», - дейді Жанна Исабаева.


Қоғамдық тамақтану орнынан маңдай тер, адал ақысын ала алмай жүрген жалғыз Жанна емес. Өзге жұмысшылар да сотқа жүгінбек.


Өткен жеті айда қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына 1950 азамат жүгінген. Соның ішінде, тұрғындардың 70 пайызы жалақыларын уақытылы алмағанын айтқан. Қалғаны жұмыстан заңсыз шығаруға қатысты шағымдар. Мамандардың сөзінше, бұған дейін еңбекақыны төлемеу бойынша құрылыс саласы көш бастаса, қазір күзет қызметі алда тұр.


«Көбінесе басқармаға еңбекақыны төлемеу бойынша жұмысшы жұмыс беруші тарапынан еңбек шарттарын жасамағаны үшін, сонымен қатар, жұмыстан босатылған кезден кейін төленуі тиіс өтемақының төленбеуі бойынша көп арыз түседі. Және азаматтардан жыл сайын берілетін еңбек демалысының уақытылы берілмегені туралы арыз-шағымдары басқармаға әрдайым түсіп тұрады», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Арай Исмагулова.


Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы соңғы жеті айда 380 мекемеге тексеру жүргізген. Соның ішінде, кәсіпорындарда 460 заңбұзушылық анықталған. Еңбек заңнамасын сақтамаған 165 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 32 миллион теңге айыппұл төлеген. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 236 мекемеден 216 миллион теңге өндірілді. Осылайша 1500-ге жуық жұмысшы маңдай терімен тапқан табысын қалтасына түсірді.




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

сенбі, 11.08.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31