Мәселе

Алматыда журналист келіншектің өліміне қатысты мән-жай белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Hit tv телеарнасының продюсері Әйгерім Мұсаеваның өліміне қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Келіншектің денесі 20 қазан күні сағат 00.20-да қаланың Түрксіб ауданында Бұрындай көшесі маңындағы теміржол бойынан табылған.


«Тепловоз жас келіншекті қағып кеткен. Жеке тұлғасын растайтын құжаттар өзімен бірге болмаған. Сот-медициналық сараптама өткізу үшін мүрде қалалық мәйітханаға жеткізілді. Әйгерім Мұсаеваны туған ағасы таныды. Қазіргі уақытта көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде», - деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Сондай-ақ мәлім болғандай, 20 қазан күні кешкі 17:05-те Алатау ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, бір күн бұрын отбасылық кикілжіңнен соң 27 жастағы әйелі Әйгерім Мұсаева үйінен кетіп қалғанын айтқан.


Екі баланың анасы Hit tv арнасында продюсер болып жұмыс істеген. Мұның алдында журналистің әріптестері Әйгерімнің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желіде жазып, көмек сұраған еді.


 


 




Көрілген: 2078    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 09:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30