Мәселе

Алматыда қатерлі ісікті анықтауға 450 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

  • Алматыда қатерлі ісікті анықтауға 450 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

    Алматыда қатерлі ісікті анықтауға 450 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

4 ақпан – Дүниежүзілік онкологиялық сырқаттарға қарсы күрес күні.


Қатерлі ісікті емдеу нәтижесі – оны анықтау мерзіміне байланысты. Ауру қаншалықты ерте анықталса, оны емдеу де мейлінше оңай. Оның үстіне, ем-домға кететін шығын да 200 есеге дейін қысқарады.


Биылғы жылы Алматы қаласы бойынша қатерлі ісікті анықтауға бағытталған тексерулерге 450 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.


Атап айтар болсақ, 26 млн теңге сүт безі обырын анықтауға жұмсалмақ. Скринингтің бұл түрінен 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер жылына екі рет тегін өте алады. Оңтүстік астана бойынша аталған санатқа  жататын әйелдер саны 300 мыңнан асады.


Сонымен қатар, жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау шараларына 300 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Тегін жасалатын тексерудің бұл түрінен 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер өте алады. Алматыда бұл санатқа кіретін әйелдердің саны 486 мыңға жуықтайды.


Ал, колоректальді обырға 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тексерілуі тиіс. Скринингтің бұл түріне 127 млн теңге жұмсалмақ.


Скрининг мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тегін жүргізіледі. Одан өту үшін әр азамат өзі тіркелген емханасына хабарласуы тиіс.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ


Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі


+ 7 (727) 296-58-20 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 17:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28