Мәселе

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда бірнеше автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Нақтырақ айтқанда, 34, 29 бағдар бойынша қатынайтын автобус жүргізушілері желіге шықпады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Фейсбук қолданушысы Тоқтар Жақаштың жазуынша, бүгін желіге шықпаған жүргізушілер сараланған тариф енгізілгенімен, олардың жалақысы 23-35 мың теңге аралығында қалған.


Сондықтан, олар бүгін жұмысқа шығудан бас тартқан. Ал, аталған бағдарларға жауапты «Green bus» транспорт компаниясы жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді.


«Сараланған тарифті енгізгенге дейін түсім жүргізушілердің қалтасында қалып отырды. 1 тамыздан, сараланған тарифті енгізгеннен бастап, автопарктердің табысы 40 пайызға артты. Енді бұл ақша жүргізушілердің қалтасына емес, автопаркке түседі. Жүргізушілер бұған наразы, күнделікті кіріс жоспарын төмендетуді сұрайды. Транзакция бойынша жоспар орындайтын жүргізушілер жақсы жалақы алады. Мәселен, бір қызметкер 14 күн істеп, 118 мың теңге алды. Ал, келесі қызметкер сонша жұмыс істегенімен жоспарды орындай алмай, ақша ұрлап, 51 мың теңге ғана алды. Енді олар жалақыны өсіруді талап етіп отыр. Мен не үшін оның жалақысын көтеруім керек. Күн сайын 20 мың теңгені қалтасына басып кеткені үшін бе? Біз олармен жиналыс өткіздік, жұмысқа шықпағандарды сотқа беріп, келтірген шығынды өндіріп алатын боламыз. Қазір резервтегі жүргізушілерді шақырып жатырмыз», - деді «Green bus» ЖШС Алматы қаласы бойынша директоры Бауыржан Кулишев.


 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 15:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31