Мәселе

Алматыда күшті зілзала болады деген сөз рас па?

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қалалық ТЖД биофизик Виктор Инюшиннің жақын арада жер сілкінісі болады деген болжамын жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық ТЖД мамандары хабарлағандай, Алматы аумағындағы сейсмологиялық бақылауды Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедиция мен Сейсмология институты жүргізеді. СТӘЭ жер сілкінісі туралы мәліметтерді тіркеп, тәулік бойы параметрлерді өлшеумен айналысады.


Ал Сейсмология институты жер сілкінісі қауіпсіздігі бағытында іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізумен айналысады.


«Сейсмология институтының ақпаратына сәйкес, жер қыртысының 6 балға дейін қозғалуынан (МSK-64 шкаласы бойынша) инфрақұрылым зақымдала қоймайды. Ғимараттар бұзылып, қирамайды. Жыл сайын Алматы маңында 80 км радиуста 200-ге тарта жер сілкінісі болып тұрады. Сейсмология институтының пайымдауынша, Алматы маңында 2018 жылы қуаты 7 баллдан асатын жер сілкінісі болмайды»,- деді ТЖД.


Ұзақмерзімді болжам жылдың соңында жасалады. Қалалық ТЖД тұрғындарды тек қана ресми органдардың ақпаратына сенуге шақырады.


«Виктор Инюшин таратқан ақпаратқа сәйкес келетін жер сілкінісінің параметрлері жоқ. Оның болжау әдістемесі ғылыми негізге сүйенбеген. Ол кісінің болжамдары Сейсмология институты мамандарынан тұратын комиссияның қарауына алынбаған. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тілекқабыл Рамазановтың айтуынша, Инюшин басқаратын биофизикалық болжам қызметі ЖОО құрылымдық бөлімшесі емес. Оның болжамына ЖОО жауап бермейді» делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде биофизик Виктор Инюшиннің Алматыда қуаты күшті жер сілкінісі болатыны туралы болжамы тарап кеткен болатын.


 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31