Мәселе

Алматыда Қытайдан қоныс аударған қандастар шу шығарды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Зейнетсіз еңбек! Бүгін бір топ оралман Алматыдағы Қытай консулдығына арыздарын өткізуге жиналды. Кезінде шекара асып келген қандастырымыз, Қытайдан алып келген қомақты зейнетақыдан қағылғандарына наразы. Қытай заңы бойынша зейнетке сол елде шығып, кейін басқа жаққа қоныс аударса да зейнетақы төленуі тиіс дейді олар. Бірақ көрші елдің билігі өз міндеттерін орындамай отырған көрінеді.


Шау тартқан шақта ай сайынғы ақыларынан қағылғандар бүгін Қытай консулдығының алдына жиналды. Арыздарын қолтықтаған ағайын Қытайдың өздері шығарған заңды өздері сақтамай отырғандарына наразы. Ғұмырларының 60 жылдан астамын Қытайда сүріп, сол жақта еңбек етіп, кейін Қазақстанға оралып азаматтық алған қандастарымыз төгілген тер еш кетті деп опынады.


Фатима Әскербай, Алматы қаласының тұрғыны:


-Қытай республикасының ата заңында анықтап тұрып айтылған бұл әңгіме. Ол жақтағы біздің қамсыздандыруымыз да, зейнетақымыз да тоқталмайды. Егер тоқтатып жатқан жағдайда, жергілікті орган оған тартылады деген жері тағы бар. Мәселен 20 бапта мұғажырлар заңында берілу керек тоқтамайды деп жазылса, 26 бапта осыны атқармаған жағдайда бұны сол заңдастырмаған адам жауапқа тартылады деп жазылған.


Яғни, Қытай заңында сол жақта зейнетке шығып, кейін өзге елдің азаматтығын алғандарға алалау болмайтыны, зейнетақы тоқтатылмайтыны тайға таңба басқандай жазылған екен. Бірақ, Шыңжан өлкесі ол ережені пысқырмайтындай. Түскен арыз, шағымдарға жөнді жауап бермей, үнсіз жатқан көрінеді. Жалғыз ағаштың орман болмайтынын түсінген зейнеткерлер бүгін тайлы-тұяғы қалмай Алматыдағы Қытай консулдығының алдына жиналды. Осыған дейін жекелей келіп, шағымданнып көрген. Бірақ, мардымды жауап алмай, таулары шағылып қайтқан екен.


Жұмағали Мизамбек, Алматы қаласының тұрғыны:


-Қытайда 56 ұлт бар. Бірақ олар тең қарамай отыр. Қудалау 2016- дан басталды. Одан бұрын жақсы болатын.


Қытай консулдығы зейнеткерлерді ішке кіргізуге құлық танытпады. Арыздарын алсын деп «шабармандарын» жіберіпті. Бұл шағым бойынша да нақты жауаптың қашан болатыны белгісіз.


-Арыз-өтініштерін өткізгендерге енді әліптің артын бағуға тура келеді. Егер де Қытай консулдығынан қайыр болмаса, онда халықаралық ұйымдардың көмегіне жүгінеміз деп отыр. Олардың бар талабы, заң бойынша қартайған шақтарында еңбектерінің зейнетін көру. 


ktk.kz




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 14:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31