Мәселе

Алматыда "Сергек" камералары іске қосылды

  • © Atameken Business Channel

    © Atameken Business Channel

Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында "Сергек" фотовидеофиксация кешені орнатылды. Жыл соңына дейін Абай даңғылының бойына және Тимирязев көшесіне қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласын дамыту орталығына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта 20 шақты камера орнатылған. 


"Әл-Фараби даңғылының бойында 3 кешен орнатылған: шығыс және батыс бағыттарда. Абай және Сейфуллин даңғыларының қиылысында батыс бағытта бір кешен орнатылған. Абай мен Розыбакиев қиылысында керісінше шығыс бағытта орнатылған", - деді Интеллектуалдық-көлік жүйесі жобасының жетекшісі Бауыржан Шадаев.


Мамандардың айтуынша, бір кешенге 3-4 камера кіреді. Жыл соңына дейін 10 кешен (30-40 камера) орнату жоспарланған.


"Нақты қай жерлерге қойылатынын кесіп айта алмаймыз, себебі қазіргі уақытта "Алматы Қала Жарық" жарық беретін бағаналар қайта жөндеуден өткізіліп жатыр. Жарық беруші бағаналарға орнатуды жоспарлап отырмыз. Камералар электр қуаты арқылы жұмыс істейді. "Алматы Қала Жарық" өз жұмысын аяқтаған соң жаппай орнатамыз", - дейді жоба жетекшісі Бауыржан Шадаев.


 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.10.2018, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30