Мәселе

Алматыда стриптизерша болып істеген журналист түнгі клубтың құпияларын айтты

  • Алматыда стриптизерша болып істеген журналист түнгі клубтың құпияларын айтты

    Алматыда стриптизерша болып істеген журналист түнгі клубтың құпияларын айтты

Түнгі клубтағы стриптиздің аяғы кейде сексуалдық қызмет көрсетуге ұласып кететіні жасырын емес. Ондай жағдай стриптизші қыздың немесе ұлдың арнайы бөлмеде клиенттің алдында жеке билегенінен кейін болып жатады.


"КАРАВАН" газетінің тілшісі Екатерина Первушина осындай жалаңаш биші болып жұмыс істеп көрді. Оны да бір клиент жеке бөлмеге шақырыпты.


"Биімді көргеннен кейін клиент менің Вера Брежневаға ұқсайтынымды айтты да, телефонымның нөмірін сұрады. Әрине, мен бермедім. Кейін қыздар мұнымды түсінбей қалды. Олардың айтуынша, әлгі кісі қалтасы қалың, өте жақсы адам екен" деп жазады журналист.


Тілшінің айтуынша, стриптиз-клубқа табыс негізінен тән саудасынан түседі екен.


"Қыз құнының клиентпен арадағы келісімге байланысты өзгеріп отыратынын кейінірек білдім. Клуб қожайындары одан 200 доллар ұстап қалады (Айтқандай, бізде жұмысқа келмей қалғаның үшін сондай көлемде айыппұл салатын)" дейді стриптизші болып істеп көрген журналист.


Ол осы жұмыс барысындағы бір сорақы жағдай туралы да әңгімелейді.


"Бойы ұзын, әдемі, сары шашты, томпақ ерін, қыпша бел, дәу кеуделі Юляны 12 сағатқа "сатып алды". Ол клубқа ертеңіне кешке бір-ақ келіп, 200 долларын берді де, сұранып кетті. Кейін Юля клиенттің өзімен және оның әйелімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Үшеуі виски іше отырып, әлдебір белгісіз ұнтақты иіскеген. Бұдан Юляның жағдайы нашарлағаны сонша, өз-өзіне бірнеше күнде әрең келіпті" деп баяндаған журналист. 




Көрілген: 502    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде
    8 Қыркүйек, 12:42
    Мынау не масқара...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30