Мәселе

Алматыда сүт безі және жатыр мойны обырын анықтауға 322 млн теңге бөлінді

  • Алматыда сүт безі және жатыр мойны обырын анықтауға 322 млн теңге бөлінді

    Алматыда сүт безі және жатыр мойны обырын анықтауға 322 млн теңге бөлінді

Биыл Алматыда сүт безі және жатыр мойны обырын анықтау жұмыстарына 322 млн теңге бөлінді. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде берілді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Мамандар 30 жастан асқан әйелдерге 4 жылда бір рет жатыр мойны обырына, 40 жастан асқаннан кейін 2 жылда бір рет сүт безі ісігіне тексеріліп тұруға кеңес береді.

«Әр әйел өзі тіркелген емханаға барып, маммографиялық тексеруден тегін өте алады. Егер қандай да бір ақаулар анықталып жатса екінші рет маммография жасатуға, ультрадыбыстық зерттеуден өтуге және биопсия тапсыруға жолдама беріледі. Мұның бәрін Алматы онкологиялық орталығында жасатуға болады. Қор нысаналы топтар бойынша 80 975 адамға қаржы бөлді»,- деді Т.Әбілдаев.

Айтуынша, Қазақстанда сүт безі обыры онкологиялық аурулар арасында алғашқы орында тұр. «Елімізде жыл сайын 4 мыңнан астам әйел аталған дерт тырнағына ілігеді екен. Ертерек қолға алса ауруды емдеп жазуға әбден болады. Сондықтан мемлекет ұсынып отырған диагностикалық мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырамыз», - деді Алматы филиалы директоры.

Сонымен қатар, Алматы тұрғындары тіркелген емхана арқылы жатыр мойны қатерлі ісігіне тест тапсыруына болады. Қор аталған тестке арнап 81 181 адамға қаражат бөлді.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдың 9 айында оңтүстік астана тұрғындарына тегін қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 70 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген болатын. Бұл алматылық клиникалармен бекітілген келісімшарт сомасының 70 пайызы. Жалпы, Алматы қаласы бойынша МСҚ 171 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен.

 




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.10.2018, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30