Мәселе

Алматыда тауға келіп, суретке түскен туристерден 25 мың теңге талап еткен кімдер?

  • Алматыда тауға келіп, суретке түскен туристерден 25 мың теңге талап еткен кімдер?

    Алматыда тауға келіп, суретке түскен туристерден 25 мың теңге талап еткен кімдер?

Алматыға келіп, көрікті жерлерінде суретке түскен туристер енді қосымша шығынға батуы мүмкін. Себебі, олардан суретке түскені үшін - 25 мың теңге, ал таспаға түсіргені үшін - 55 мың теңге талап еткен деп хабарлайды "КТК".

Ал ақша төлегісі келмеген туристер барлық түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болған.


Іле-Алатауының етегін тамашалауға келгендер төлемақыдан көз ашпайтындарын айтып, шағымданды.


"Не үшін ақша төлеу керек? Менің ойымша, бәрі тегін болу керек. Мынау мемлекеттің жері. Егер 20 мың төлейтін болса, ешкім фотоға түсірмейтін болады", - дейді Ақжол Жүнісов.


"Қарсымын. Себебі, БАО-ға барғанда біз экопостқа төлейміз ақша. Жетпей ме сол? Ақыры ол түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болдым", - деді Ғалымжан Асқаров есімді Алматы тұрғыны.


Тауға келгені үшін бір рет, суретке түскені үшін екінші рет ақша ала бастаған "Іле-Алатауы" ұлттық паркі қызметкерлерінің айтуынша, Орман шаруашылығы комитеті сондай бұйрық шығарған.


"Комитетің бұйрығы бүкіл республика аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктарға күші жүреді. Яғни, әр парктің өзінің тарифі бар. Ол ақша мемелкеттік парктің шотына жұмсалады. Яғни, ол Іле-алауы ұлттық табиғи паркінің жұмыскерлеріне жалақысына бөлінеді", - деді Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық бағының баспасөз хатшысы Дулат Әбенов.


Белгілі заңгер Айман Омарова бұлай суретке түсуден ақша алуды заңсыз деп есептейді. "Бұйрықта сол 14-тармақты әкімшілік өзіне қалай қолайлы болса, солай қолданып жатыр. Ешнәрсе істемей, тек қана сенің фотоаппаратыңа қарап тұрып, сенен ақша алу деген ол дұрыс емес деп санаймын. Заңсыз деп санаймын. Сол үшін прокуратура оған өзінің тексерісін бастау керек. Онда паркке не үшін елдер барады? Егер онда суретке түсе алмайтын болса, онда үйінде-ақ отырмай ма", - деп жауап қайтарды заңгер. 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сенбі, 09.06.2018, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30