Мәселе

Алматыдағы алып Тиіннің құны қанша?

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыдағы алып "Тиін" арт-нысанын жасап шығарғандар оның құны туралы айтты. Дүйсенбі күні 12 метрлік мүсіннің тұсаукесері өткен – ол "Атакент" іскерлік ынтымақтастық орталығы алдындағы алаңға орнатылды.


"Тиіннің құны 23 миллион теңге (66,5 мың доллардан астам) — 15 миллионы мемлекет тарапынан жұмсалды, қалған 8 миллион — Funk", — деді Funk креативті агенттігінің басшысы Майра Измаилова. Оның айтуынша, шығынды агенттік пен қала бюджеті бөліп төлеген.


Барлығы 16 арт-нысанның бағасы 78 миллион теңге болып шықты.


"Осындай жағымды нәтиже бері жатқанына қуанамыз. Дайын үлгілерді ала салмай, жергілікті дизайнерлер арасында конкурс өткізгеніміз жақсы болды", — деді мәдениет басқармасы басшының орынбасары Нәйла Мүлікова.


Тиінді жасап шығарушылардың бірі Мариус Янсен Ван Вуурен арт-нысанға қанша сабан мен металл кеткенін айтып берді.


"Мүсіннің жалпы биіктігі 12 метрдей. Жасап шығару үшін 7 тонна металл, 3,5-4 тонна ағаш жұмсадық. Сонша мөлшерде сабан кетті. Барлық бөлшектерін қос есептегенде шамамен салмағы 12-13 тонна", — деді ол.


Тиіннің мүсінін жасауға тоғыз ай кеткен көрінеді.


"Жағдайы не болатынын көреміз. Барлық жануар сияқты ол да өзгереді", — дейді британдық суретші, арт-нысанның авторы Алекс Ринслер.


Мүсін авторларының айтуынша, сабан қоршаған ортаға байланысты өзгереді.


Sputnik


 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 22:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31