Алматыдағы Сайран көлі демалыс орынына айналмақ

Алматыдағы Сайран көлі демалыс орынына айналмақ

 Алматы қаласында орналасқан «Сайран» көлі жуырда жаңа келбетке енбек. Күл-қоқысқа айналған көл алдағы уақытта 20 мың адамға шақталған алып демалыс орнына айналмақ. Бұл туралы қаланың бас сәулетшісі Жанат Айтілеу осылай деді.

Енді қамсыз жұрт жазда «Сайранға» келіп, жағажай жағалайды, ескекпен қайық еседі. Ал қыста қатқан көлдің бетімен сырғанайды. Өзгеше айтсақ, «Сайран» еліміздегі тұңғыш жасанды аралға айналмақ.

«Сайран көліне біріншіден Үлкен Алматы өзені қосылады. Қосылатын жерге әртүрлі филтрлер қойылып, су үш мақсатта пайдаланылады. Яғни, адам шомылатын су таза болуы керек. Содан кейін жасыл желектерді суғаруға жұмсалады, техникалық мақсатта жұмсалынады», - деді Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеу.

Жоспар бойынша, Сайран көлінің жағалауында 1500 көлікке арналған автотұрақ және балалар атракциондары тұрғызылады. Бұл ойын алаңдары тек жазда ғана емес, қыс кезінде де жұмыс жасайды. Егер жоба биыл мақұлданса, аралдың құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ.

Сайран — Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан жасанды көл. Үлкен Алматы өзенінің суқоймасы деп айтуға болады. Өтеген Батыр, Төле би, Тілендиев көшелері және де Абай даңғылымен шектелген. Төле би көшесінде бөгеті орналасқан. Қасында өзімен аттас Сайран автовокзалы орын тепкен

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста