Мәселе

Алматылық әйел бұрынғы күйеуі екі баласын тартып алғанын айтады

  • Фото: viline.tv

    Фото: viline.tv

Алматы тұрғыны өзін соққының астына ала берген бұрынғы жолдасының кесірінен екі баласын көруге зар болып отыр. Анна есімді әйел бұрынғы күйеуі өзінен кек алу үшін сот жүзінде екі баланы тартып алғанын айтады. Басына түскен ауыр жағдайға байланысты келіншек танымал қорғаушы Айман Омарованың көмегіне жүгінген деп жазады NUR.KZ.


Алматылық әйелдің оқиғасын Айман Омарова өзінің Facebook парақшасына жариялаған.


Бес және жеті жасар балақайдың анасы бірнеше жыл бойы күйеуінен опық жеген екен. Әйелін жиі соққыға жыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып тұрыпты.


Бір жыл бұрын жолдасы тарапынан болған қорлықтарға әбден мезі болған әйел полицияға хабар берген.

Бұл әрекет отағасының ашу-ызасын одан бетер келтіріп, ол жұбайы мен екі баласын далаға қуып шығады.


Дәл осы жағдай ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына нүкте қойған. Анна мен екі балақай бұдан кейін отағасына қайтып бармапты.


Аннаның айтуынша, ол қандай жағдай болмасын ұлдарын ешқашан да әкесіне қарсы қоймаған. Тіпті, олардың өзара араласуына да еш кедергі келтірмеген көрінеді. Ер адам үлкен ұлын кездеуге алып кетіп тұрған.


Жағдай кіші баланың ауырып қалғанында ушыға бастайды. Анна науқастанып қалған ұлын емдетпек болып, үлкенін бірнеше күнге әкесінің қолына берген. Алайда оны қайтарып алмақ болғанында бұрынғы жолдасы баласын бергісі келмеген.


Азамат тіпті баланы анасымен көріскені үшін жазалапты. Сол себепті, Аннаны көргенде туған ұлы тығыла жөнелетін болған.

Оған қоса, ер адам бұрынғы әйелін ұрлық жасады деп айыптап, оның үстінен арыз түсірген. Ол Аннаны өзінің ноутбугі мен қаржысын қолды етті деген. Алайда, қозғалған қылмыстық іс тоқтап қалады.


Аннаның мәлімдеуінше, жолдасымен ол осы жылдың сәуір айында ресми түрде ажырасып тынған. Соттың балаларды анасымен қалдырғанына шүйліккен азамат Талдықорған сотына жүгінеді. Бірақ ол да Есік аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырған.


"Күйеуім соттың үкімімен жүруге ниетті емес екенін бірнеше мәрте айтқан. Ол өзінің тамыр-таныстарының арқасында бәрін өз пайдасына шешіп аларына сенімді болды. Екі соттың шешіміне қарамастан ол маған үлкен ұлымды қайтарып бермеді.


Осы жылдың тамыз айында ол Алматының ювеналды сотына шағым түсірді. Нәтижесінде, 24 тамыз күні сот екі баланың да әкесінде қалатыны туралы шешім шығарды." , - дейді Анна.


Әйел адамның айтуынша, психологпен кездесуде екі бала бір-бірін сағынып қалғандықтан құшақтаса жөнелген. Ал үлкен ұлы анасына тіпті жоламай қойған.


"Осының негізінде сот балалардың ашулы, өзін-өзі ұстай алмайтын әкесімен тұрғанын жөн санап отыр. Олардың ойынша, екі жоғарғы білімі, тұрақты жұмыс орны, үйі бар анамен тұрған қолайсыз" , - деп күйінішін білдірді келіншек.


Анна бұрынғы күйеуінің өзінен кек алу мақсатында балаларды қарсы қойғанына сенімді. 


 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30