Мәселе

Алматылық жезөкше бұл «кәсіпке» қалай келгенін, қанша табыс табатыны жайлы айтты

  • © Sn.kz

    © Sn.kz

19 жасында Ақтөбеден арман қуып Алматыға келген Айжанның (лақап аты) оқуда жолы болмай, әп-сәтте жезөкшеге айналып шыға келген. Қарапайым қазақ қызының мұндай теріс жолға қалай түскенін Айжанның өзінен сұрап көрген едік. Sn.kz тілшісіне берген сұхбатында ол осынау «көне кәсіпке» қалай келгенін баяндап берді.


Айжанның жезөкшелікпен айналысып жүргеніне ұзақ жылдар болған. 37 жастағы әйел 20-ға толмай жатып-ақ жаман ортаға түсіп, түнгі көбелек атанғанын айтып отыр.


«Жасым 19-да болатын. Алматыға Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға оқуға түстім. Әке-шешем бар тапқан-таянғанын маған беріп, бір жылдық оқуымды төлеп берді. 49 мың теңге еді. Ол кезде үлкен ақша. Бірақ күнделікті жейтін тамағым бар, киімім бар, үйден ақша сұрай алмай, кафеде даяшы болып жұмыс істедім», – дейді Айжан.


Бірінші курста оқитын қыз жұмысқа тұрғалы сабағының да «екінші планға» ысырылып қалғанын айтады. Сөйтіп жүргенде құрбысынан жалақысы жақсы бір жұмыстан ұсыныс түседі.


«Жанымда бірге жұмыс істейтін қыз «күніне 20-30 мың тапқың келе ме?» деді. «Қандай жұмыс?» деп сұраған да жоқпын. Бірден келісе кеттім. Мені Абай мен Розыбакиев қиылысында тұратын бір тәтенің үйіне ертіп апарды. Толықтау келген кісі жылы шыраймен қарсы алып, дастархан жайды. Сосын киім тола шкафын ашып, қысқа етекті көйлекті суырып, қолыма ұстата салды. Сосын «Қызсың ба?» деп қойып қалды. Абдырап қалған маған бір қарап, жауап күтпестен, «Қазіргі заманда қыз қалды деймісің? Мен де сұраппын-ау?!» деп қарқылдап бір күліп алды», – деді кейіпкер сөзін әрі қарай жалғап.


«Ауылда сүйген жігітім бар еді. Ара-қатынасымыз өте жақын болған. Ол мені алдап кетті демеймін. Отбасын құруға мүмкіндігі болғанда үйленер едік. Бірақ, маған «Сен оқуыңды оқып кел. Мен де осында жұмыс істеп, ақша жинайын. 4 жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады» деді. Сол кезде «оқымаймын» деп ауылда қалсам, бәрі басқаша болар ма еді», – дейді Айжан өткенге деген өкішін білдіріп.


37 жастағы кейіпкер қазір көңіл жарастырып жүрген адамының барын да жасырмады.


«Жігітім бар (күліп). Бірақ ол отбасылы адам. Арасында келіп тұрады. Қаржылай көмектеседі дей алмаймын. Өйткені, ақшадан таршылық көрмейтінімді ол да біледі. Күніне жоқ дегенде 50-60 мың теңге табыс табамын. Бірақ «Оңай келген ақша, оңай жұмсалады» дейді ғой. Қалай әкелемін үйге, солай «жоқ» болады. Табысым көбейген сайын, шығыным да өсе береді. Бір басыма пәтер де ала алмадым. Бірақ өткен жылы ініме жақсы бір көлік сыйладым», – деген Айжан отбасында екі ағайынды екенін, әрі әке-шешесі мен інісінің түнгі жұмыс істейтінінен хабарлары барын айтты.


«Бәрі білгенімен, бетіме басқан емес, ауылға айма-май ақша жіберіп тұрамын», – дейді ол.


Айжан қазір бір бала тәрбиелеп отыр. 9 рет түсік жасатып, жанына серік қылу үшін осы қызды тууға бел буыпты. Бір өкініштісі – 5 жастағы Анельдің әкесі кім екенін анасы да білмейді. 




Көрілген: 1237    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.12.2017, 20:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30