Мәселе

Алматылық кәсіпкер Талғат Мұсабаевты қысым көрсетті деп айыптады

  • Видеодан скриншот

    Видеодан скриншот

Алматылық кәсіпкер Бақыт Ниязов ұшқыш Талғат Мұсабаевты өзіне қысым көрсетті, ал оның қарындасы Гүлнарды рейдерлік танытты деп айыптап отыр. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Инвестор Гүлнар Мұсабаева мен оның жұбайы Виктор Морозов атақты туыстарының атын жамылып, кәсібін тартып алмақ болғанын айтқан.


Ниязов 2013 жылы Алматы тауларында таун-хаустарын салуға 300 млн теңге қаржы салған. Ал ол жерлердің иесі Виктор Морозов пен Гүлнар Мұсабаева болған екен. Алайда, жоба іске аспай, құрылыс жұмыстары тоқтап қалыпты.


Кейіннен жұбайлардың Біріккен Араб Әмірліктерінде жүргені анықталған.


2016 жылы Ниязов үлестердің өтемақысы туралы сөйлесіп, бонус есебінде соғылып жатқан кешеннен бірнеше пәтер сыйға тартатынын айтыпты.


Осылайша, ортада шарт жасасыпты. Кәсіпкердің айтуынша, артынан Талғат Мұсабаевтың туыстары өз позицияларын қайта қарап, 2 млн доллар ақша сұраған екен.


"Бұл фамилия үлкен рөл ойнайды. Қазір де оның туыстары шу шығарғанда Талғат Мұсабаевтың атын жамылады",- дейді Бақыт Ниязов.

Ол мәселені шешу үшін Мұсабаевтің өзіне де жолыққанын айтады.


Инвестор мұның рейдерлік екенін де жеткізді.


"Біз ертең ол жақтан су мен газ құбырларын қиып тастаймыз, оларды өртеп жібереміз. Құқық қорғау жүйесінде мәселе тудырамыз. Біз бұл нәрселерді күнде естиміз", - деді Ниязов.

Оның сөзінше, Гүлнар Мұсабаева болашақ үй иелерімен байланысқа шығып, оларды қорқытады екен. Одан бөлек, территорияға кіру жолдарын қайта жауып, сотқа арыз тастапты.


Ниязов полицияға барғанымен, олар еш қылмыстың жоқ екенін айтыпты.


Ал Талғат Мұсабаев бұл істерге қатысты ештеңе білмейтін болып шықты.


Сондай-ақ, ұшқыш "Гүлнар мен Виктордың жергілікті банкке 1,5 млрд доллар қарыз екені рас па?" деген сұраққа да өз жауабын айтты.


"Мен кімнің кімге қарыз екенін білмеймін!",- деді ол.

Алайда ,басылым Мұсабаев туыстарының қарыздарынан хабардар болуы мүмкін деп топшылаған. Себебі, оларға тиесілі "Algabas Development" ЖШС 2006 жылдан бері Қазақстан банктерінің алдында 1,5 млрд доллар қарыз болған. 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31