Мәселе

Алматылық кәсіпкерлер клиенттерімізден қағылдық деп шу шығарды

  • Алматылық кәсіпкерлер клиенттерімізден қағылдық деп шу шығарды

    Алматылық кәсіпкерлер клиенттерімізден қағылдық деп шу шығарды

Алматылық кәсіпкерлер клиенттерімізден қағылдық деп шу шығарды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Алматының инфрақұрылымын жетілдіру үшін кәсіпкерлерді құрбан еткен. 100-ге тарта дәмхана иелері мен саудагерлер жаңа велосипед жолақтарының кесірінен клиенттерімізден қағылдық деп шу шығарды.

Содан кіреберіс жолдары бұғатталыпты. Көшедегі көлік тұрағына тыйым салынуы да жығылғанға жұдырық болған. Яғни, орын таппай сандалған адамдар ақыры кетіп қалады екен. Сондықтан, бірнеше дәмхана, сән және сауда орталығы әне-міне жабылғалы жатыр. Оларға алаңдаушылық танытқан кәсіпкерлер палатасы бүгін жиын өткізіп, даудың шешімін табуға тырысты.


Алматы - кәсіпкерлер қаласы. Сол бизнес өкілдерінің бір бөлігі бүгінде аянышты күйде жүр. Бәріне себеп қаланың инфрақұрылымын жетілдіру жобасы дейді өздері. Соның кесірінен, кәсіпкерлер иелік ететін дәмхана, сән және сауда орталықтарына баратын адам қарасы тым сирепті. Өткен жылдың қыркүйегінде басталған бас қайғыға айналған мәселе күн өткен сайын ушығып барады. Қазір бұлар, тіпті, салықтың өзін әрең төлейтін жағдайға жеткен.


Дана Досымова, кәсіпкер: - Бізде адамдар азайды. Саудамыз и мына тұрған арендаторымыздың қазір 70 пайызы көшіп бара жатыр енді. Ал, енді саудамыз 80-90 пайыз жоқ болып жатыр.


Айтуларынша, жаңа велосипед жолақтарының кесірінен күн көріп отырған жерлеріне кіру бұғатталған. Әрі көшедегі көлік тұрағына тыйым салынуы мұңдарына мұң жамап беріпті. Яғни, орын таппай сандалған клиенттер амалсыз кетіп қалатын көрінеді. Дәл осындай шағымын айтып, кәсіпкерлер палатасына бір емес, 95 бизнесмен жүгініпті.


Бәзилә Әбділманова, кәсіпкер: - 41 жыл жұмыс жасап келе жатқан компаниямыздың есігі бүгін жабылып отыр. Уалиханов көшесін жаңадан жасаймыз деп, барлық кіретін, жүретін жолдарды жауып тастады./18:15/ - Анау шөптер, ағаштар отырғызды, одан кейін велосипедтің жолын жасады. Содан бірақ бізге қарай жол жоқ.


Жергілікті әкімдік бұл өзгерістер туралы кәсіпкерлердің пікірін білуге де тырыспаған. Енді, бизнесі құрдымға кетіп жатқандар жергілікті атқамінерлер ең құрымаса ақылы тұрақ салып берсе дейді. Даудың шешімін табу үшін кәсіпкерлер палатасы да барынша күреспек.


Дінмұхаммед Әбсаттаров, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры: - Осы кәсіпкерлер жұмыс орындарын қамтамасыз етіп отыр. Салық түсіріп отыр деген сияқты мәселелер бар. /18:28:30/ - Әрі қарай бұл мәселені тиісті органдарға жеткіземіз. Қала басшысына жеткіземіз деген мәселе қойып отырмыз.


Негізі, кәсіпкерлер палатасы бұған дейін де жергілікті әкімдікке 2 рет хат жолдаған. Тек оған жауап ішкі істер департаментінен келіпті. Әрі онда тығырыққа тірелген әр бизнесменнің мәселесіне әртүрлі түсінік берілген. Сондықтан, палата өкілдері енді Ішкі істер министрлігінен де тұшымды жауап алуға тырысады. Бар мақсаттары даудың жергілікті әкімдікке де, кәсіпкерлерге де қолайлы шешімін табу. Әйтпесе, қаладағы өткен ғасырдан келе жатқан танымал сауда орындары жабылып тынбақ.




Көрілген: 800    Пікірлер: 0

жұма, 19.01.2018, 20:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31