Мәселе

Алматылық полицейлер шатылып жатыр: Ойыншықты алған кім?

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қазақстан ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар директоры Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеоға қатысты пікір білдірді.


Видео авторлары полицейлерді қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптайды. Ролик Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында пайда болған.


"Сенбі, 1 желтоқсанда бірнеше полицей біздің ойыншықтардың жаппай сатылымына келді. Ойыншық таңдаған олар ақы төлемей, кетіп қалды. Мұның барлығы бейнебақылау камерасында жазулы тұр. Полицейлердің бірінен кассаға кіріп, ақы төлеу сұралды. Бұған қарамастан, ақшасын төлемей шығып кетті. Біздің компания ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметіне арыз-талап дайындап жатыр. Компаниямыз салық төлейді, сондықтан тәртіп сақшыларын жазалау керек деп есептейді", - делінген видео сипаттамасында.




Алмас Сәдубаев видеоматериалдардың тексеріліп, тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.


"Алдын ала айтуға болатыны, бұл оқиға Алматыда болған. Қазір ерте бастан тұжырым жасамаймыз, бәрін анықтап, толықтай жазбаны қарап шығып, қызметкерлердің қатысын анықтау керек... Олар шын мәнінде заңға қайшы әрекет жасаған болса, заңда қарастырылған жазасын алады, полициядан жағымсыз сипатпен шығарылып, басшылығын қатаң тәртіптік жазаға тартамыз", - деді ІІМ өкілі телефон арқылы.


 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31