Мәселе

Алматылық тұрғын танымал әншінің енесін үйіне кіргізбей қойғанын айтты

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

NUR.KZ тілшісіне хабарласып, өзінің есімін атамауды жөн көрген оқырмандардың бірі ел алдында жүрген танымал әншінің енесі туралы айтты. Айтуынша, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы күйеуінің анасын зәулім үйіне кіргізгісі жоқ.


Оқырманның сөзіне қарағанда, ол әншінің енесінің көршісі екен.


"Ол бастапқыда келінін жұлдыз ретінде құрметтеп, сыйлағанын айтады. Сондықтан оны артық рет жұмсап, келіндік міндетін атқармағанына да ренжімепті. Алайда соңғы бес жылда ұлы мен келіннің үйіне бір де бір рет бармапты. Себебі шақырмайды, барса жақтырмайды.


Күнде маған келіп, сырын айтады. Тіпті бір күні ұлы өзі келіп, "білесің ғой, үйдегілер қонақ келгенді жақтыра бермейді, өзім келіп, керегіңді алып беремін" деп ашық айтыпты. Содан бері ол кісі үйінен шықпайды. Өздігінен жүріп-тұруы да қиын. Жасы келіп қалған", - деді алматылық тұрғын.


Айтуынша, көршілері көпті көрген әжейден білмегенін сұрап, кеңесін тыңдағанды жақсы көреді.


"Дана кісі, ақылын айтып, балаларға қандай білім беру керектігіне дейін кеңес беріп отырады. Өте қырағы, көзі ашық. Жасы тоқсанға келіп қалса да, ширақ. Бірақ, жалғыз тұрады. Сол - өкінішті.


Менің түсінгенім, қазіргі заманда ананы құрметтеу азайып бара жатқан сияқты. Келіні тамақ бермей, бір тілім нанға зар болған қаншама әжейлерді көзім көрді. Мәселе көрші әжейдің келіні танымал әнші болғанында емес, мәселе оның әнші болмақ түгілі, бір елдің президенті болса да, енесін құрметтеуге міндетті екендігінде ғой.


Мен көршімнің келіні ел алдында жарқырап жүргеніне қарап, керемет адам деп ойласам, сырт сөз алдамшы екен. "Ата-анаң жынды болса, байлап бақ" , - деген қазақтың қанатты сөздері қайда қалды?. Мен енді ол әншіні тыңдамайтын болдым. Қазақтың ибалы қызы сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде, айтып жүргендері өтірік екен", - деп күйінді әйел. 


 




Көрілген: 5185    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30