Мәселе

Алматылықтар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

  • Алматылықтар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

    Алматылықтар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Латын әліпбиіне көшу туралы бастама қоғамымызда айтыла сала үлкен қолдауға ие болды. Еліміздің әр өңіріндегі жастар түрлі флешмобтар өткізіп латын әліпбиіне қолдау білдірсе, мамандар әліпби түзіп, өз ойларын ортаға салуда. Осы орайда алматылық бір топ тұлғалар Елбасының атына хат жолдап, өз ойларын білдірді. Хатта былай делінген:


М. АХМЕТОВ, «Жас Отан» корпоративтік қорының басшысы:

¬- Аса мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы, Тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап, сіз Қазақстан жастарына әрдайым демеп, қолайлы жағдай жасап келесіз. Оның ішінде еліміздегі жастардың ордасы саналатын Алматы қаласының жастарына деген ілтипатыңызды ерекше сезініп келеміз. Бұған дәлел ретінде ширек ғасыр аралығында Сіздің бастамаларыңыз бен саяси ұстанымыңыз жастардың ортасында қолдауға ие болып, бірауыздан мақұлданып отырғанын айтуға болады.

Латын әліпбине көшу мәселесі ертеден талқыға түсіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болғаны белгілі. Сіз өзіңіздің саяси көрегендігіңіздің арқасында осы жолыда латын әліпбиіне көшуді жылдамдату бағытын ұстанып, халықтың ойындағы мәселені дәл уақытында қолға алдыңыз. Әсіресе бұл үдеріс қазақстандық жастарға ғылым мен техниканы меңгеруге жол аша отырып, төл әліпбиіміздің қайта жаңғыруына мүмкіндік бермек.Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз: біріншіден тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Осы мақсатта еліміздегі «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері жастардың арасында латындандыру бағдарламасын қоғамдық талқылау аясында түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Сіздің, бізге артқан үмітіңізбен сеніміңізді ақтап, жастар тарапынан қажетті шараларды жүргізетін боламыз.



С. САНДЫБАЕВА, «Алматы Студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысының атқарушы директоры:

- Аса қадірлі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, Алматы қалалық «Студенттер альянсы» ұйымының мүшелері, Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауыңыздың мақсаттары мен ұстанымдарына қолдау білдіреміз.

Бүгінгі жастар арасында салауатты өмір салты мен білімді болу үлгіге айналып, олар жаңа кәсіп игеріп, ағылшын тілін меңгеруге бар күш-жігерін жұмсап жүр.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін жас буын бар назарымен ұғынады. Бүгінгі таңда үлгі ретінде ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында белсенді қолданысқа еніп жатыр.

Әлемдік экономикалық, ғылыми кеңістікке енуіміздің алғышарты әліпбиіміздің латын қарпіне ауысу болғандықтан, біз Сіз бастаған латын әрпіне көшу жобасын толығымен қолдаймыз.

Сіз межелеген XXI ғасырдың әлемдік картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар мемлекет, тарихи түбі бір түркі елдерінің бірі әрі бірегейі екендігімізді анықтайтын латындандыру жобасына қолдау білдіреміз әрі сол мақсат жолында аянбай еңбек етеміз.

Олай болса, Сіздің сындарлы саясатыңызға әрқашан қолдау білдіріп, Қазақ елінің жалынды жастарына артқан сеніміңізді ақтауға уәде береміз.



Сондай-ақ белгілі тұлға Смағұл Елубай мырза да латынға өту туралы өз ойын білдірді.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, кинодрматург:

- Біз сәуір айында Елбасымен өткен кездесуде латын әліпбиіне өту туралы көп ой айтқан едік. Соның бірі, барлық мемлекеттік білім беру орындарында, балабақшаларда 3 түрлі әліпбиді оқыту қажет деп санаймыз.

Мәселен, қазақ тілінде өтетін пәндерді латын әліпбиінде, орыс тіліндегі сабақтар кириллицада және ағылшын тіліндегі пәндер үшін ағылшын әліпбиін қолдану қажет. Осы орайда біз бірлігімізді сақтап, оны әрі қарай дамытуға үлес қоса аламыз. Сонда ғана біздің болашақ ұрпақ үш тілді терең меңгеріп, нағыз сауатты азамат болмақ.

Қиын деулеріңіз мүмкін. Алайда, бұл мәселе ешқандай қиындық тудырмайды. Өйткені орыс тіліндегі пәндер кириллицада өте бермек, ал ағылшынды оқып жүргендер үшін латын әліпбиіне өту оңай соғады. Жастарымыз ұлтына қарамай үш тілді теңдей меңгеріп шығады. Екі тілге бөліну, бірін-бірі түсінбеу деген мәселелерді түбегейлі жойып, бірлігіміз арта береді демекпін.

Бұдан бөлек, латын әліпбиіне өте отырып, мәдени мұрамыз бен тарихымызды тереңнен зерттеуге мүмкіндік алатынымызды ескеру қажет.




Алаш айнасы


 


 




Көрілген: 401    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде
    8 Қыркүйек, 12:42
    Мынау не масқара...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30