Мәселе

Алматының бұрынғы прокуроры колонияда Ермегияевпен байланысын үзбеген

  • Tengrinews.kz фотоколлажы

    Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов соталған Талғат Ермегияевпен заңсыз қарым-қатынас үшін жұмыстан босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бас прокуратураның ұсынсын қарастыру қорытындысы бойынша Алматы прокуроры Миразов орыннан босатылды. Ол мемлекеттік билік пен прокуратура органдарына сенімсіздік келтіріп, соталған Ермегияевпен заңсыз қарым-қатынаста болған. Сонымен бірге, ұсынысымыз бойынша Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Сәрсенов те орнынан босатылды. Ол Ермегияевтің өтінішімен Ақмола облысындағы "Еңбек" РМК-ні тексеру қорытындысын оң нәтижемен берген", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов брифинг барысында.


Оның айтуынша, бұл қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық-атқару органдарының 15 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жазаға тартылған.


2017 жылы желтоқсанда Ішкі істер министрлігі Астанадағы ЕЦ 166/10 мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотталған Талғат Ермегияевке қамқорлық көрсетіп, жақсы жағдай жасағаны үшін қызметтік тергеу бастағаны хабарланаған.


"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусымында 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30