Мәселе

Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан

  • Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан

    Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан

Ұшақтың көрсеткіш құрылғылар істен шығып, ұшқыштар шарасыз күйге түскен


АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды, деп хабарлады "Коммерсантъ" газеті Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

Жазба өте қысқа екені айтылған. Қара жәшік бұзылып қалғандықтан, қалпына келтіруге бірнеше күн кетіпті.


Деректерге сүйенсек, ұшқыштар жылдамдықтың әртүрлі көрсеткішіне бола ұрсысқан екен. Көрсеткіштердегі жылдамдық шын мәнісінен төмен болып жазылған.


Ұшақ 2 мың метрге көтерілсе де, бір ұшқышта жылдамдық 200 км/сағ, екіншісінде мүлдем нөл деп көрсетіліпті. Ал лайнердің шын жылдамдығы ол кезде 600 км/сағ болған. Жылдамдықтың неге әртүрлі болғанын түсінбеген экипаж тиісті жылдамдық алу үшін ұшақты төмендетіп, салдарынан жерге құлаған екен.


Ұшар алдында неге екені белгісіз қабылдағыштардың жылыту жүйесі сөніп қалыпты, соның салдарынан жылдамдықты көрсететін құралдар дұрыс істемеген, деп санайды мамандар.


11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан "Саратовские авиалинии" компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты. 




Көрілген: 1188    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.02.2018, 18:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30