Мәселе

Арбасын несиеге алған жарымжан азамат елден көмек сұрауға мәжбүр

  • © Коллаж: NUR.KZ

    © Коллаж: NUR.KZ

Астаналық Вадим Курьеров туғанынан ДЦП дертіне шалдыққан. Ата-ана жылуын көрмей өскен жігіттің мектепте білім алуға да мүмкіндігі болмапты. Аттестатсыз елордаға келіп, өз тіршілігін жасап жүрген азаматпен NUR.KZ тілшісі тілдесіп қайтты.


Вадим Курьеров биылғы жылы ғана Қостанайдан Астанаға көшіп келіпті. Асырап алған ата-әжесінің қолында өскен ол зейнеткерлердің мойнында отырмаймын деп, бас қалаға қоныс аударған.


Туғанынан ДЦП дертіне шалдыққан жігіттің мектепте білім алуға да мүмкіндігі болмапты.


"Өмірге өкпем жоқ, иә екінші санаттағы мүгедекпін. Ауылда асырап алған ата-әжемнің қолында тұрдым. Ол кісілер қазір зейнет жасында, бір зейнетақыға қарап, соған әрең күнелтіп отырған жандар.

Қариялардың алақанына қарап қалай отырамын? Осылайша, биыл Астанаға келіп қалдым.


Оқу оқып, білім алуға мүмкіндік жоқ, тек өз күшіммен компьютер жөндеп, соның тілін меңгеріп алдым. Осында келіп, солай жан бағып жүргенмін, қазір оған да тапсырыс түспей жатыр.


Арбаның өзін несиеге алғанмын, оның да ақшасын жабу керек. Ал, мүгедектігім үшін алатын зейнетақыммен аяқтан тік тұра алмайтыным айдан анық.


Бұған дейін өз күшіммен өз өмірімді жасап жүрген жандардың бірі едім. Енді осылай көптен көмек сұрауға тура келіп тұр ", - дейді ол.


Сонымен бірге, ол Астанада мүмкіндігі шектеулі жан ретінде пәтер кезегіне тұрсам дейді.


"Қазір Астананың 7 емханасы ауданында пәтер жалдап тұрып жатырмын. Өткенде емханаға тіркеліп те қойдым. Енді анализдерімді тапсырып, пәтер кезегіне тұру үшін құжаттарды жинау керек.

Оның бәріне жүріп-тұрып, шапқылау керек. Қоларбада отырған адамға жүріп-тұрудың өзі қиын екенін білесіз ғой.


Бірақ, сонда да қазіргі өміріме еш өкінбеймін. Құдай маған қандай өмір берді, соны сүруге дайынмын. Болашағымнан ешқашан үмітімді үзген емеспін", - дейді 35 жастағы ер адам.


Вадим Курьеровқа көмек қолын созамын деушілер 8 778 999 83 60 номеріне хабарласа алады. 




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30