Мәселе

Арман болған азаматтық

  • Арман болған азаматтық

    Арман болған азаматтық

Қарағандыдағы Теміртау қаласының оралмандарына Қазақстан азаматтығын алу арманға айналып барады. Сөздерінше, жергілікті көші-қон полициясының табалдырығын он жылдан бері торуылдағанынан түк шақпапты. Есесіне, келген сайын мамандар жаңа құжат талап етіп, кері қайтарады,- дейді.


Өзбекстан шекарасынан өтіп, Қазақстанға 2004 жылы келген Роман Әбіләкімов әлі күнге оралмандарға берілетін уақытша куәлігімен жүргенін айтады. "Бір жылға алған соңғы визаның уақыты қазір аяқталуға жақын", -дейді. Ал 75 жастағы қарияның Қазақстан азаматы болуына заң жобасы кедергі. Өйткені, 2013 жылы шыққан заңға сай, тұрғылықты қағаз тек бес жылдан кейін ғана беріледі екен. Ал азаматтыққа қол жеткізе алмаған Роман Әбіләкімовтен басқа Теміртау қаласында тағы 140 отбасы бар.


ЖАНСАЯ БЕКТІБАЕВА, Өзбекстан азаматы:

- Неге именно 2012-2013 жылдары келгендерге берілмейді. Мысалы 2016 жылы келген адамға осындай куәлік беріліп тұр. Срогы өтіп кеткен дейді. Қайдан көріп тұрсыздар срогын?!"



Азаматтар он жылдан бері қара жұмыс істеп, ақылы медициналық көмекке жүгінгеніміз өз алдына, тұрақты тіркеуміздің жоқтығынан айыппұлдардың сомасы да көбейді, - дейді. Көші-қон полициясына келген сайын жаңа құжат талап еткен соң, жұрт Өзбек еліне қағаз үшін үш рет сабылғандарын айтады. Тіпті, "азаматтық аламыз деп" үкіметтен бөлінетін жеңілдіктен да өз еріктерімен бас тартыпты.


ҰЛЖАН ОРАЗАЛИЕВА, Өзбекстан азаматы:

- Мен Қарағандының областной больницаға барғанда барлық жер платный. Балаларым да үкіметтік жұмысқа тұра алмайды.


ТАЛҒАТ СЕЙДАЛИЕВ, Өзбекстан азаматы:

- Қара жұмыс істейміз, бірақ ақымызды жеп қалады. Бермейді нормально, азаматтығымыз жоқ болғаннан кейін.


Құзырлы органдағылар да оралман ағайындардың қиындықтарынан хабардар. Бірақ, заңнан аттап кете алмаймыз деген көші -қон полициясының өкілдері Өзбекстаннан келген адамдарға азаматтық бес жылсыз берілмейді,- дейді.


АРЫСТАН ӘБІЛОВ Теміртау қаласы ІІБ көшіқон полициясы бөлімінің аға инспекторы:

- Мысалы, 2014 жылы ол заң алынып тасталынды. Кейінгі келгендер өз құжаттарын алып отыр. Қазір біз жоғарыға хат жаздық. Өйткені, расымен, Теміртауда екі жүздей адам жеке куәліктің жоқтығынан сабылып жүр.


Он жылдан бері азаматтық ала алмай, сергелдеңге түскен халықтың биылғы жылы шыққан заңның күшіне енгенін күтуден басқа амалдары болмай отыр. Оған дейін оралман ағайындар президентке жолдайтын шағым хаттарын дайындамақ. 




Көрілген: 1111    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2016, 23:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30