Мәселе

Асанов шахтерлер ереуіліне қатысты сот шешімін түсіндірді

  • © Foto: Генеральная прокуратура Республики Казахстан

    © Foto: Генеральная прокуратура Республики Казахстан

Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ереуіл ұйымдастырған шахтерлерді сотқа беруі туралы пікір білдірді.


"Жұмыс берушінің арызы түсті. Бірнеше аудан соттары шешім қабылдап, олар іс сотта қаралуы үшін шара қолданды. Судьялар мұндай жағдайда солай істеуге міндетті. Өйткені шахтерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрды", — деді Асанов тілшілерге.


Ол атап өткендей, жұмыс беруші соттан ереуілді заңсыз деп тануды сұраған.


"Арыз сотта әлі қаралған жоқ, бірақ қаралуы үшін алдын-ала шаралар қолданылды. Ол үшін кеншілердің бәрі шығуы тиіс", — дейді Асанов.


Оның сөзіне сүйенсек, оқиғаның әрі қарай өрбуі компания мен жұмысшылар арасындағы мәмілеге байланысты болады.


"Мемлекеттің бұған қатысы жоқ. Олардың арасында, менің білуімше, келіссөз жүріп жатыр. Бұл сот құзыретіне жатпайтын басқа мәселе", — деп қорытындылады Жоғары сот төрағасы.


Sputnik


 


 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

жұма, 15.12.2017, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31