Мәселе

Ашынған қызылордалық келіншек әкімдіктің алдында аштық жариялады

  • Ашынған қызылордалық келіншек әкімдіктің алдында аштық жариялады

    Ашынған қызылордалық келіншек әкімдіктің алдында аштық жариялады


Мейрам қарсаңында Қызылордада көп балалы ана әкімдіктің алдында аштық жариялады. Ашынған келіншектің мұндай қадамға баруына полицияға жазған арызының үш жылдан бері қаралмауы себеп болса керек деп хабарлайды 31 арнағасілтеме жасаған NUR.KZ.


Динара Дастенова. Кадр 31 арна

Динара Дастенова. Кадр 31 арна



Аудан жұртшылығы абыр-сабыр мерекеге дайындалып жатқанда, Динара Дастенова таң атқаннан әкімдік алдына арыздарын арқалап тағы келді. Бұл жолы ашынған тұрғын айта-айта шаршаған арызын әкімге тағы жеткізу үшін емес, көпшілік жүретін ортада аштық жариялауға келген. Ал аштықты әкім заңсыз деп, қайта-қайта Динараға ескерту жасаумен болды.


Алайда Динара ескертуді елеген жоқ. Айтуынша, бұл мәселе осыдан үш жыл бұрын басталған. Жеке куәлігімнің көшірмесімен қызылордалық тұрғын менің рұқсатымсыз несие рәсімдеп, Ақтөбе супермаркеттерінің бірінен банк арқылы 390 мың теңге болатын ұялы телефон алыпты дейді.


Динара куәлігінің көшірмесін танысына ақшалай несие алып беремін деген соң ғана бергенін айтады. Алайда ол құжаттың өзі танымайтын адамның қалай қолына түскенінен, Ақтөбеде несиенің қалай рәсімделгенінен бейхабар. Соның салдарынан бүгінде 40 мың теңге жалақыға жұмыс істейтін үш баланың анасы банкке 600 мың теңгеге жуық қарызға батыпты.


"Содан бері екі жарым жыл болды. Бас прокуратураға, Ішкі істер министріне, Ақтөбе облысының прокуратурасына, Қызылорда облысының әкіміне, Қазалы ауданының әкіміне барлығына екі жарым жыл болды арызданғаныма. Шаршадым. Ешқандай нәтиже жоқ. Нәтиже шықпағасын аштық жариялауға кеп тұрмын. Нәтиже шықпаса өлуге бармын", - дейді тұрғын Динара Дастенова.

Күннің суығына қарамай аш қалған тұрғынға әкім ескертуі әсер етпегесін, полицейлер келіп, заңсыз жерде ереуілдетті деп хаттама да толтырды.


Әйжей атымдағы несие бүгінде көбейіп, банк жалақы алатын шотымды бұғаттап тастады дейді. Енді бір отбасыны асырап отырған үш баланың анасы табатын аз-маз табысына да қол жеткізе алмай отыр.






Көрілген: 899    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.03.2018, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30