Мәселе

Әскери борышын өтеп жүрген 21 жастағы сарбаз үйіне табытпен оралды

  • © 31.kz

    © 31.kz

Қазақстан Түркменстан шекарасына әскери борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралды.


Бақытбек Мырзамбековтың туыстарының айтуынша, әскери бөлімінің қызметкерлері 21 жастағы азаматтың жүрек талмасынан көз жұмғанын айтқан көрінеді. Бірақ қарулы күштер сапына сап-сау кеткен марқұмның жақындары балаларына әлімжеттік көрсетілгеніне сенімді. Өйткені, денесінде көгерген іздері болды дейді.


Бұл - 21 жастағы Бақытбек Мырзамбековтың отан алдындағы борышын өтеуге ант қабылдап жатқандағы сәті. Әскерге аттану үшін дипломды да қорғаған екен. Бірақ қарулы күштер сапына кеткен сарбаздың өмірі, шілденің 15 күні қыршын қиылды. Қара жамылған отбасының мүшелері марқұмның дәрігерге шілденің тоғызынан бастап жүгінгенін айтады. Бірақ азаматқа көмек көрсететін жан табылмаған. Алғашқы сараптама қорытындысы сарбаздың жүректің ишемиялық ауруынан көз жұмғанын анықтаған. Бірақ жақындары оның адам қолынан қаза болғанына сенімді. Өйткені сарбаздың өлі денесінің бірнеше жерінде жарақаттың іздері болған деп отыр.


АЗАМАТ МЫРЗАМБЕКОВ, марқұмның ағасы:


– Ауырып жатқан солдатқа ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Сол жаңағы әскери қызметкерлердің осындай қызметіне салғырт қарау мәселесінен мен інімнен айырылдым деп ойлаймын. 


31.kz




Көрілген: 1295    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.07.2018, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31