Мәселе

Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" құрылысшыларының саны қысқартылуына қатысты пікір білдірді

  • Астана әкімдігі

    Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" құрылысшыларының саны қысқартылуына қатысты пікір білдірді

Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" нысанында жұмысшылар санының қысқаруына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімдіктің мәліметінше, "Әбу-Даби Плаза" нысанының құрылысына 4 453 жұмысшы жұмылдырылған, оның 3 288 (келісім-шарт бойынша) "ArabtecConsolidatedContractorsLimited" компаниясы филиалының штаттық жұмысшылары (860 - қазақстандық, 2428 - шетелдік), қалған бөлігі 1 165 жұмысшы 87 қосалқы медігерлік ұйымдарға (1ұйымшетелдік компания) тиесілі, олардың 939 - қазақстандық, 226 - шетелдік Сондай-ақ, әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгінгі күнге "Әбу-Даби Плаза" нысанының құрылысы аяқталуға жақын. "Осыған орай, бас мердігер 19 қаңтарда жұмысшылармен еңбек келісім-шарттарын бұзу үшін (еңбек шартының мерзімі: "Белгілі бір жұмыс мерзімі ішінде") "World monitoring" ЖШС, "Экспо Строй" ЖШС, "Казахстан Строй техно" ЖШС, "Казинжиниринг провайдер" ЖШС сияқты 4 мердігерлік компанияларды «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанында жұмыс көлемінің азаюы туралы хабардар етті. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында "World monitoring" ЖШС, "Экспо Строй" ЖШС, "Казахстан Строй техно" ЖШС, "Казинжиниринг провайдер" ЖШС компаниларының 62 жұмысшысы құрылыс нысанына кіре алмай қалады. Бұған себеп, басмердігер "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясы филиалының нысанға кірудің тоқтатуы болды. Осыған байланысты жанжал туындады. Жанжалды шешу үшін "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясы филиалының кеңсесінде еңбек инспекциясы, прокуратура, мердігер ұйымдарының қызметкерлері мен жүмысшылардың кездесуі өтті. Әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін кездесудің қорытындысы бойынша жұмысшыларғажүмысты жоғалтуларына байланысты бір айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлады әкімдіктегілер. Сондай-ақ, әкімдіктегілер Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша осы жанжалды жағдайды шешу және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу бойынша Еңбек инспекциясының Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі басшысы Исмағұлов басшылық ететін жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті. Құрамына келісім бойынша құқық қорғау органдарының, "Нұр Отан" партиясының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.Жұмыстың қорытындысы бойынша комиссия атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жариялайды.




Көрілген: 279    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 06.02.2018, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28