Мәселе

Астана алып мұз айдынына айналды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Елорда тұрғындарын бұрын-соңды болмаған көктайғақ әбден мезі қылды. Астанада ауа райы ылғалды әрі аяз. Бұл кезде қар күрелген соң, жолдар мен тротуарларды жап-жалтыр мұзға айналады.


Әкімдіктің тапсырмасымен мердігер ұйымдар жолдарға құм мен реагент төксе де, еш нәтиже болмады.


Өткен демалыста көктайғақта құлап, жарақат алғандар саны 125 адамға жеткен. Соңғы тәулікте зардап шеккендер қатары 66 адаммен толығыпты – 4 желтоқсанда 52 адам және сәрсенбіде тағы 14 адам.


"Қарды күремей-ақ қоймай ма, мұншалықты тайғақ болмас еді", — дейді астаналықтар.


Жолдарды көктайғақ қылып сыпырмай, қар басып жата берсе қайтер еді? Мұндай ұсынысты Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек те айтқан.


"Тұрғындардың тілегі қабыл болса, коммуналдық қызметтердің жұмысы да әжептәуір жеңілдейтін еді. Мұндай әдіс Орталық Еуропада жиі қолданылады, әсіресе қар аз түскен кезде. Ал бізде қар қалың түседі, сондықтан күреп, шығарып тастап отыру керек, әйтпесе, тротуарлар қар құрсауында қалады. Жауған қар сыпырғышпен тазартылып, үстіне құм төгіледі", — дейді ол.


Әзірге мәселе шешілмей жатыр, ал Астана тұрғындарына табаны кедір-бұдыр аяқ киім таңдап, әр қадамын абайлап, баппен басуға кеңес береміз.



 sputniknews.kz




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31