Мәселе

Астана автобустарында билетсіз жүрген 200 адам ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астанада «Астана ЛРТ» ЖШС мен жергілікті полиция қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында екі күннің ішінде 200 адамның билетсіз жүргені белгілі болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Астана ЛРТ» ЖШС баспасөз хатшысы Науат Азанбаева хабарлады.


«Қазіргі таңда «Астана ЛРТ» компаниясы мен жергілікті полиция қызметкерлері Астана көшелерінде рейд жүргізіп жатыр. Рейд жұмыстарына «Астана ЛРТ» компаниясы тарапынан 94 қызметкер жұмылдырылды. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері (осы аптаның) билетсіз жүрген 200 жолаушы ұсталды. Билетсіз ұсталған жолаушыларға 2 АЕК (4 810 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал билетсіз жүргізу турасында қателік автобус ішіндегі кеңесшілерден (қазір біз кондукторларды кеңесшілер деп атаймыз - Н.Азанбаева) кетсе біз оларға 5 АЕК (12205 теңге) көлемінде айыппұл саламыз. Ал кеңесшісі жоқ автобустағы жүргізуші билет бермесе оған да 5 АЕК айыппұл салынады», - дейді компания өкілі.


Науат Азанбаева сараланған тариф енгізілгелі бері (қолма-қол ақшамен 180 теңгелік) кейбір кеңесшілер жұмыстан босатылғанын айтады.


«Бұл жерде айта кететіні, «билетсіз тасымалдау» деген бар. Яғни, ол айыпқа жүргізуші немесе кеңесші (кондуктор) ілігуі мүмкін. Сонымен бірге, «жол ақысын төлеуден жалтару» деген бар. Ол айыпқа жолаушылар тап болуы ықтимал. 2018 жылдың 1 қаңтарынан 12 қыркүйекке дейін жол ақысын төлеуден жалтарған 2 мыңнан астам жолаушыға жалпы сомасы 10 миллион теңгенің айыппұлы салынды. Сонымен қатар, аталған аралықта бақылаушылар кондукторлар тарапынан 2 мыңға тарта бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, 47 жүргізушінің жұмысында кемшілік анықталды», - дейді ол.


Науат Азанбаеваның айтуынша, өз ісіне жауапты кондукторлар жұмыссыз қалған емес.


«Билет бермеген немесе жолаушыларға дауыс көтерген, бір сөзбен жұмысында кемшіліктер анықталған кондукторлар жұмыстан босатылды. Бірақ, көптеген кондукторлар өзінің автопаркінде жұмыс орнында қалғанын айтқым келеді. Мәселен, әрбір автопарктің өзінде бақылау-желілік қызметі бар. Кондукторлардың кейбірі Көліктік бақылау департаментіне ауысса, кейбірі өз автопаркінде қалды. Яғни, жауапты қызметкерлердің ешқайсысы жұмыссыз қалған жоқ», - дейді Науат Азанбаева.


 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30