Мәселе

Астана тұрғындары нәжіс суынан тұншығып отыр

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Астана тұрғындары нәжістен құтыла алмай отыр. Қала аумағына кіретін Қараөткел ауылын жағымсыз иіс алып кеткен. Тұрғындар оған ішкі істер қызметкерлерін кінәлайды. Себебі, олар ауыр жүк көліктерін ауылға кіргізбей қойыпты. Соның кесірінен қалдық суды тазалайтын ассенизаторлар Қараөткелге келуді қойған.


-Бұл үшқабатты жатақхананың тұрғындары таза ауаға жарымай отыр. Себебі, кәріз құбыры бірнеше күн бойы тазаланбағандықтан сыртқа тасып жатыр.


Есіктің алдын көл қылған сасық су тіпті қарсы беттегі балабақшаға дейін жұпарын шашып жатыр. Жылғалап келесі көшеге бет алған кәріз суы төңіректің бәрін былғап жатыр. Осы арадан ары-бері өткендер аузы-мұрнын жауып әлек болады. Бұл жағдай Қараөткел жұртының қазіргі бас ауруына айналған. Арнайы көлікті шақыртып, тазалатайын десе, ешкім келмейді.


Күләй Жәнібекова, Қараөткел ауылының тұрғыны:


-Не қыламырымызды білмей қалдық. Не кір жуа алмаймыз. Есігіміздің алды тола су ағып жатқан. Жүре алмай қалдық.


Жұрттың аңсап күтіп отырған көліктері ауыл сыртында саптай тізіліп тұр. Бірақ олардың Қараөткелге кіріп баруға батылы жетпей тұрғанына осымен бесінші күн. Бәрі де жүруге болмайды деген жол белгілерінен қорқады. Алда-жалда жол полициясының қолына түссе, күні бойы қолаңса иістің ортасында жүріп тапқандары бір айыппұлға татымай қалады.


Сегізқазы Сәтов, көлік жүргізушісі:


-Енді біз септик алайық десек, полицейлер бізге үндемейді. Біз қалай алып шығамыз, бірден келіп айыппұл, хаттама толтырады. Енді бір рет айыппұл салады, екі рет салады. Үшінші рет жігіттер де шаршайды ғой.


Олар енді жергілікті басшылықтан не жүретін жол, не рұқсат қағаз сұрап отыр. Ал полиция өкілдерінің айтуынша, жүргізушілердің бұлай даурығуы бекер. Тас пен құм таситын ауыр жүк көліктері ауылдың жолын тоздырмас үшін осындай белгілер қойылған екен. Бірақ бұл ассенизаторлар ауылға кірмесін деген сөз емес дейді.


Бақытжан Алтыбай, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:


-Ол белгілер сол аумақта қызмет жасайтын коммуналдық қызметтер, апаттық қызметтер барлық нысандарға кіретін жүк көліктеріне ешқандай тыйым салынбайды. Тек қана өздерінің көліктерін жолдың бойына, болмаса жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін жерлерге қойып кетуге болмайды.


Яғни, бар мәселе жүргізушілердің дұрыс түсінбеуінен туындап отыр дейді. Сондықтан жол полициясы енді арнайы көліктерді ауылға кіргені үшін емес, керісінше, ауылға келмей, топталып тұрып алғаны үшін айыппұл салуы мүмкін.


ktk.kz


 


 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30