Мәселе

Астанада балабақша тәрбиешісі баланың ата-анасы ақша бопсалап жүргенін айтты

  • Көрнекі сурет.  © CC0

    Көрнекі сурет. © CC0

Астаналық отбасы 1 жасар ұлының балабақшадан зәбір көргенін айтады. Рентген суреттері оң қолындағы сүйегінің сынғанын көрсетіп беріпті. Бұны балабақшадан көрген ата-ана құқық қорғау органдарына арызданып қойған. Ал тәрбиешілері болса, оқыс өз үйлерінде болған. Енді сылтауратып, бізден ақша бопсалап жүр дейді. Бұл туралы КТК хабарлады.


Әмір қазір де жылайды. Ауырсынады. Сынығы осыдан бес күн бұрын анықталған еді. Жілігі иықтан төмен, шынтаққа жақын тұстан сыныпты. Содан бері қолына гипс салынған. Анасы көтеріп әрең жұбатып жүр. Құлыншағымның қолын сындырып қойды деп жанын қоярға жер табар емес.


"11-де алып барып тастадым. Балам оған дейін еңбектеп жақсы жүрді, асханаға, әжетханаға барды. Қолына бергенде кішкене жылады да қойды. Сосын жұмыстан кейін кешке таман 7-де барып алдым. Балам ұйықтап қалды ма, тыныш қой деп едім, олар баланың кішкене қызуы шығып тұрғанын айтты", — дейді Әмірдің анасы Айнұр Тасболтаева.


Ал әкесі болса ашулы. Қолын сындырғаны былай тұрсын, ақша ұсынып бәле қылды дейді. Бірақ ұлымның амандығы ғана керек деген ол балабақша тәрбиешісінің әділ жазаға тартылғанын қалайды.


"Ашумен сөйлестім, маған балабақшадағылар келісейік дейді. Мен сенің жүз миллионың маған керек емес деп айттым. Менің баламның денсаулығы қымбат", — деп түсіндірді Әмірдің әкесі Еркін Мадалиев.


Таразда 10 жастағы баланы зорлап, буындырып өлтірген жасөспірімге үкім шықты


Балабақша дегені көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтер. Оны балконға жапсырылған қағаз ғана айтып тұр. Әйтпесе аузы-мұрны жоқ отаудың өзі дерсіз. Есігінде ештеңе жазылмаған, пәтердің нөмірі де жоқ. Ішке кіргізбей, даладан қайтарды. Әйтсе де Еркін ішіне бір кіргенде видеоға түсіріп алыпты. Тәрбиешілердің бірі Әмірдің әрең отырғанын көріпті. Сол күні балаларға бас-көз болған тәрбиеші бет-жүзін көрсетуден қымсынып, жағдайды телефонмен ғана баяндап беруге келісті. Айтуынша, олардың бұл жағдайға қатысы жоқ. Жарақатты үйінде алған болуы мүмкін. Ата-анасы баласын бұлдап, ақша жасап алғысы келеді дейді.


Sputnik


 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

жұма, 10.08.2018, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31