Мәселе

Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды - Видео

  • Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды - Видео

    Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды - Видео

Астананың орталық базарында екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жантүршігерлік оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр. Видеожазбаның кадрларынан бірнеше куәгердің эскалаторға қысылып қалған қызды шығарып алуға тырысып жатқанын байқауға болады.







Астана әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер видеодағы деректі растады. Олардың мәліметінше, оқиға 22 мамырда елорданың орталық базарында болған. "Эскалатордағы ақаудың салдарынан 2 жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде №2 Қалалық балалар ауруханасына жеткізді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. Мамандар ауруханада қызды қарап, қолына гипс таңып берген. "Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, ол амбулаторлық жағдайда емделеді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

 




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 18:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30