Мәселе

Астанада жас жігіт 13 жастағы туған бөлесін екі рет зорлаған

  • © amur.info

    © amur.info

Астанада 13 жастағы жас қызды туған бөлесі екі рет зорлап, қылмысын жасырмақ болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Психологтар мұндай жайттардың күн санап артып келе жатқандығын айтып, дабыл қағуда. Айтуларынша, соңғы уақытта, туған-туыстары тарапынан зорлық көретін оқиғалар тым жиілеп кеткен.


«Жақында ғана 19 жастағы туған бөлесі 13 жастағы қарындасын екі рет зорлап кеткен іспен таныс болдым. Анасы үйде болмаған уақытта бөлесі қарындасын зорлап, бұл туралы ешкімге жақ ашушы болма деп қорқытқан екен. Содан, қыз бала болған оқиғаны тек бір айдан кейін ғана анасына айтып берген.


Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ кейіннен іс жабылып қалды. Себебі, ұлдың анасының жүрек талмасы ұстап, ауруханаға жатқан. Іс одан әрі насырға шаппасын деп, зорланған қыздың анасы әпкесі үшін, арызды қайтарып алған», - деп оқиғаны еске алды психолог Айдана Есетқызы.


Мамандар, зәбір көрсетушілердің көп жағдайда жазаланбай қалатынына алаңдаулы.


«Мұндай оқиғалар азаматтық некеде тұратын әйел адамдарға қатысты, себебі, олар да сол «күйеусымақтарының» сөзін сөйлеп, туған қыздарын сатып кетіп жатады. Осындай жантүршігерлік жайтқа көз жұма қарайтын аналарға таң қаламыз, құрсағында тоғыз ай көтерген бауыр еті баласын қалай оңай сатып кете салады? Әйел деген ең алдымен ана емес пе?

Тас бауыр аналар осындай әрекеттерімен өрімдей қыздарының болашағына балта шабады, сондықтан, үйге біреуді ертіп келместен бұрын, алдымен, туған перзенттерінің қамын ойласа екен»,-деп сөзін қорытындылады маман. 


 




Көрілген: 5972    Пікірлер: 2

бейсенбі, 25.01.2018, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31