Мәселе

Астанада жезөкшеге барған ер адам әйеліне жұқпалы дерт жұқтырған

  • Көрнекі фото: deti.mail.ru

    Көрнекі фото: deti.mail.ru

Астанада әйелдерінің көзіне шөп салатын ерлер, оларға жыныстық қатынас арқылы түрлі ауруларды жұқтыратын болған. Гинекологтардың сөзінше, өкініштісі қыз-келіншектер "қыдырымпаз" күйеулерінің әлгіндей әрекеттерін біле тұра, оған көз жұма қарайды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Мамандар әсіресе "түнгі көбелектерге" жиі баратын еркектер келіншектеріне жыныстық қатынас арқылы таралатын түрлі ауруларды жұқтыратынын жеткізді.


"Мұндай еркектерге шыдап жүрген әйелдерге таң қаламыз. Олар күйеулерінің "қыдырымпаз" екенін, жезөкшелерге жиі баратынын біле тұра, бәріне шыдап, түк болмағандай жүре береді. Біреудің өміріне араласуға құқымыз жоқ, десе де олар ең алдымен аналар ғой? Дүниеге дені сау бала әкелуі керек. Өкініштісі мұндай жағдайлар қазір көп кездеседі. Өткен аптада ғана дәл осындай оқиға тіркелді. Қазір әйел адамға тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Мұндай жағдайға душар болған әйелдердің отбасылық өмірі де шайқалады. Сондықтан үйдегі отағаларына қылтым-сылтым жүрісті қойдырту керек. Ал сондай жеңіл жүрісті қыздарға барғыш болып бара жатса, онда сақтанулары тиіс", - деп кесіп айтты маман.


Айта кетейік бұған дейін Астанада жеке клиникалардың бірінде өрімдей жас қыздың сифилис дертін жұқтырғаны белгілі болған еді.


Гинеколог мамандар тұрғындарға жыныстық қатынасқа түсерде сақтық шараларын ұмытпаған жөн деген кеңес айтып отыр. 




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31