Мәселе

Астанада жолақы төлемеген 7 мың жолаушыға 30 млн теңге айыппұл салынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ағымдағы Астанада автобуста жолақы төлемеген 7 мың жолаушыға 30 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында «Астана LRT» Көліктік бақылау департаментінің басшысы Саят Шаймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.


«Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарған шамамен 7 мың жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған айыппұл сомасы шамамен 30 млн теңгені құрайды. Тасымалдаушыларға қатысты да әкімшілік шаралар қабылданады. Бүгінгі күні Жергілікті полиция органдары жіберген материалдардың негізінде жүргізушілер құрамына да шаралар қабылданып, шамамен 900 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл көлемі шамамен 12 млн теңгеге жетіп отыр»-, деді ол.


Ал «АстанаLRT» көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жалбырдың айтуынша, барлық жүргізушілер жол қозғалысы ережесі мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеген.


«Тасымалдау ережесінде талаптар орындалмаған жағдайда олардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы көзделген. Бүгінгі күні жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін қоғамдық көліктің 7 жүргізушісі әкімшілік сот шешімімен жүргізуші құқығынан айырылды. Яғни, өзіміздегі видео камералардың көмегімен бұзушылық тіркеліп, материал әкімшілік шара қабылдану үшін Жергілікті полиция қызметіне жіберіледі», - деді ол.


 




Көрілген: 852    Пікірлер: 0

жұма, 21.12.2018, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31