Мәселе

Астанада қызойнаққа биші жігіттерді шақырған бойжеткен масқара болды

  • Көрнекі фото: Svadba-Sovet.Ru

    Көрнекі фото: Svadba-Sovet.Ru

Астаналық ару той алдында қызойнаққа биші жігіттерді шақырамын деп опық жеп қалды. Қалыңдығының әлгіндей әрекетін білген сүйіктісі, оған құрбыларының көзінше қол көтеріп, кештің шырқын бұзған деп хабарлайды NUR.KZ.


Қызойнақ ұйымдастыруға жиі тапсырыс беретін астаналық арулар бұл жолы да кешті ерекше өткізу жағынан алдына жан салмаған. Олар кешке биші жігіттерді шақырып, көңіл көтерген.


"Бізге келіп түсетін көп тапсырыстардың бірі – қызойнақ ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін кейде залды безендіріп, тіпті, суретке түсіру қабырғасын да әзірлеп жатамыз. Сондай-ақ,кешке биші жігіттерді шақыртатын қыздар да аз емес.

Өкініштісі, кейбір жағдайларда мұндай кештің соңы айғай-шумен аяқталып жатады. Мысалы, қызойнаққа биші жігіттерді шақырғаны үшін, қалыңдығын шапалақ тартып, құрбыларының көзінше балағаттан жағдайды өз көзімізбен көрдік. Өте өкінішті әрине, бірақ арулардың осындай "еркелігін" кейбір жігіттер көтере бермейді.


Меніңше кешке би билейтін жігіттерді шақырудын еш әбестігі жоқ. Тек артық кетпеу керек", - дейді елордадағы кеш ұйымдастыру агенттіктерінің бірінің өкілі.


Сондай-ақ ол жігіттердің де той алдында арнайы кеш ұйымдастыратынын айтты.


"Жалғыз қыздар ғана емес, жігіттер де мұндай кеш ұйымдастырып жатады. Олар да биші қыздардың өнерін тамашалап жатады. Ол жай би немесе қандай да бір қойылым болуы мүмкін. Мұндай кештерден секем алып қажет емес деп санаймын.


Кеш ұйымдастыру агенттігінің өкілі ретінде айтарым, керісінше, кім де болсын той алдында осындай кешке қатысқаны дұрыс. Сүйген адамына сенімді болса, барлық қиындықтарға төтеп беруге болады. Бәрі тек сенімге байланысты", - дейді Астанадағы Event агенттіктері өкілінің бірі.


 




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31