Мәселе

Астанада мектеп мұғалімдері оқушы қыздарға секс туралы парақша таратқан (ФОТО)

  • Сурет ғаламтор желісінен алынған

    Сурет ғаламтор желісінен алынған

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ата-аналар тарапынан ашу туғызған, 9-11-сынып оқушыларына таратылған секс туралы үнпараққа қатысты істің мән-жайы белгілі болды.


Facebook қолданушысы Гүлбану Әбенованың жазбасы негізінде kaz.365info.kz «Мектеп қыздарға сексті неге уағыздайды?» атты мақала жарияланған еді.


Ол әлеуметтік желідегілердің қатты алаңдаушылығын туғызды.


Көпшілік масқара парақшаның қай қалада таратылғанын білгісі келіп әуре болды. Онда айтайық. Ол Астана қаласы екен, – деп жазады портал тілшісі.


Мұны желіге дәлел келтірген ата-ана емес, оған лезде жауап берген қалалық білім департаменті айғақтады.



Ең бірінші боп, Гүлбану Әбенованың жазбасына осы, яғни мүшеқап туралы парақшаны жасап шығарушылар үн қатты, одан соң іле шала білім департаментінен де жауап келіп жетті.


Мүшеқап туралы үнпарақша мектепке арналмаған


Автор жазбасының астына Килыбаева Меруерт деген ханым: „Мұны қайдан алдыңыздар? Біз бұл буклетті жасап шығарған едік. Бірақ ол мектепке арналмаған. Бұл медицина саласындағы қызметкерлерге ұсынылған„ деп жазды.



„Қалай сонда? Демек, оның мәнісіне ешкім мән бермей, балаларға тарата салуды жөн көрген ғой. Оны кәмелет жасқа толмағандарға тарату үшін, ең құрымағанда балалар психологынан алдын ала рұқсат алу керек емес пе? Ендеше медиктерге арналған нәрсені балаларға таратқандары үшін жаза кесілуі керек. Қалай ойлайсыздар?„ деп жазды жазба авторы.


Көпке ұзамады, жазаланатындар табылды. Сөйтсек, білім департаментіндегілер бұл ақпараттың анық-қанығын аз уақыт ішінде анықтап үлгеріпті.


Бәрін анықтадық…


„Жыл сайын Денсаулық басқармасы, Салауатты өмір салтын құру орталығы „Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті саулығы„ деген тақырыпта арнайы дәріс оқып, семинарлар өткізіп, жекелей кездесулер ұйымдастырады. Осындай шараларда дәрігерлер жүктіліктің алдын алу, репродуктивтік қалыпты сақтау қажеттігі, жүктілікке қарсы дәрілер және оның залалдары туралы үнпарақшалар таратады. Міне, осындай жиын ұлдардан бөлек қыздарға да өткізілуі мүмкін.


Ал оқушыларға ұсынылған Сіздегі парақшалар отбасын жоспарлау кабинетіне арнайы әзірленген, ол мектеп оқушыларына таратуға лайықтап жасалмаған. Сондықтан ол мектептің басшылығына қатаң ескерту жарияланды.


Өйткені олар алдын ала келісілмеген, рұқсат беріп, нақтыланбаған нәрсені таратқан.


Сол секілді Астана қаласының білім басқармасы Салауатты өмір салтын құру орталығы қызметкерлеріне де ескерту жолдады. Қандай да бір шара өткізіп, үнпарақшалар тарататын болса, оның сол ортаның жасы ерекшелігіне сай болғанын қадағаласа дедік„ деп жазды Астана қалалық білім басқармасының өкілі Әнуар Жанғозин. 


qazaquni.kz




Көрілген: 2781    Пікірлер: 0

сенбі, 20.01.2018, 22:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30