Мәселе

Астанада сот үкіміне көңілі толмаған әйел өзін бағанаға шынжырлап тастады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Астанада кезекті шынжырлы ереуіл! Бұл жолы сот үкіміне көңілі толмаған әйел өзін бағанаға шынжырмен байлап тастады. Әділдік таппай ашынған келіншектің қасында қолдаушылары да бар. Барлығын тоғыстырған бір тағдыр.


Айтуларынша, балаларына жала жабылып,заңсыз сотталып кеткен. Сондықтан еш жерден әділдік таппаған аналар Жоғарғы сот алдында наразылық білдірді.


Наразылыққа шыққан әйелдер міне. Солардың ішінен Кенжеғайша Рақымбаева өзін бағанаға шынжырмен байлап жатыр. Оның мұндай қадамға баруына баласының заңсыз сотталуы себеп. Әділдік іздеп шырылдаған ана ұлының жазықсыз екеніне сенімді.


- Менің ұлымды түрмеде дәл осылай шынжырмен ұстап отыр. Қалтасына есірткі салған. Бұл сорақылық, заңсыздық. Семей қаласындағы былық жоғарыға жетсе екен.


Ашынған келіншек, 28 жастағы ұлына полицейлердің есірткіні қалтасына қасақана салғанын айтады. Баласы марихуанамен ұсталып, 7-і жылдан бері түрмеде отыр екен. Ал, мына әйел екі бірдей баласының қып-қызыл жаланың құрбаны болғанын айтады.


Шолпан Айтбаева, Астана қаласының тұрғыны:


-Күйеу балам мен қызым үш жыл бұрын алаяқтық үшін заңсыз сотталып кетті. Олар жұртты алдап бағалы тондарды сатқан дейді. Бірақ, ешқандай дәлел жоқ. Соттың былығын дәлелдеймін деп, денсаулығымнан айырылдым.


Осы кезде ереуілге әкімдік қызметкерлері араласты Шынжырды ағытып, мәселені бейбіт жолмен шешуді сұраған еді, наразы топ бұған келіспеді.


-Заң бойынша, бейбіт митинг өткізуге рұқсат алу керек. Және 10 күн бұрын жергілікті органдарды ескертуіңіз қажет қой.


Айқайға басқан әйелдер бой бермеген соң, іске полицейлердің араласуына тура келді. Айналаны жіті бақылап тұрған тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ сарбаздары шынжырға маталғандарды, автобусқа тиеп, бөлімшеге алып кетті. Жалпы, бұл Жоғарғы сот алдындағы алғашқы наразылық емес. Үш апта бұрын төраға Жақып Асановпен кездесуді талап еткен келіншек те үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған еді. Ол кезде Жақсыгүл Бөкеновада да сот үкіміне қарсылық білдіріп, әскери қызметтегі ағасының кәмілет жасына толмаған қызды зорлады деген айыппен заңсыз сотталғанын айтып ашынған еді.


-Ал, бүгін өзін бағанаға шынжырмен байлап тастаған әйел мен оның қолдаушылары полиция бөлімшесінде ұзақ отырған жоқ. Бәріне бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, үйлеріне жіберілді. Оларға айыппұл салынуы мүмкін. Бірақ, әділдік іздеп шырылдаған келіншектер, балаларын түрмеден шығармай, беріспейміз деп отыр.  


ktk.kz




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.02.2018, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30